Шал фильміне рецензия

Кино /
ҚазақФильм Ұсынады. Ермек Тұрсыновтың «Шал» атты жаңа киносын түсіріп бітті. Фильм Жазушы Эрнест Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» повесінің негізінде түсірілген. Тек балық, акула, теңіздің орнында; шал, қой, қасқыр, қазақ даласы. Туындыны Е.Тұрсынов Канн халықаралық кинофестивалінің конкурстық бағдарламасы кешінде алғаш рет көрсетіледі. Қазақ тілінде түсірілгендіктен, фестиваль үшін ағылшын тілінде субтитрмен жүреді.
қалың көрермен қауымға шыға қоймаған, "қандай кино екен" деп қызығушылық танытып жүр ел арасында Келін фильмін айтпағанда.
Фильм желісінде HAMMER көлігін мінген аңшы жігіттердің келе жатқан көрінісімен басталады. Екінші бөлімінде жұпыны қараша үйде теледидардың ішіне кіріп кетердей болып футбол құмартқан, қатал тағдыр қинасада, көз жанарында ерекше нұр мен қайсарлықтың қамы сақталып қалған қазақ шалы. Есімі Қасым. Ұлы қайтыс болып, артында жалғыз тұяқ немересі қалып және келіні қалған. Бір көңіл аударатын көрініс қолынан өмірі PSPін тастамайтын қырсық немере. Интернатқа апарып орналастырған атасына деген өкпесі қара қазандай болған немеренің сөзі түйеден түскендей, өзі қырсық. Үш аңшы жол жөнекей шалдың үйіне соғып, қасқырлар жүретін жолды сұрайды. Қарт қасқырлардың қазір бөлтіріктеп жатқанын, оларды ашындыруға болмайтынын айтады. Ескерту айтқанмен кетіп қалады. Үшеу оған құлақ аспастан тауға қарай жөнеледі. Үшеудің ізімен жүріп лезде, ақсақал «немеремді оқуға түсірем» деп өсіріп отырған азғана малын қыстауға апармақ болады. Өз малына өтініш айтқан көршінің қойын қосып, тауға аттанған ақсақал жарты жолда қатты аязды боранға тап болып, қара қою тұманның ортасында қалады. Бір топ қасқыр қойына шауып, өзін де талап, сау жері қалмайды. Түз тағылармен сағаттап алысқан Шал немересіне атаған малын аман алып қалу жолына қансырап, құр сүлдері қалады. Қырылған қой, ызалы қасқыр… Үш жігіт болса қасқырлардың бөлтіріктерімен қоса қырып тастаған. Қаһарланған жыртқыштар үш аңшының екеуін талап жеп өлтіріп, ал біреуін ғана шалва жансар күйінше қалдырады. Шалды іздеп шыққан топтың ішінде немересі де бар. Қанша қиқуланған болсада, баланың шалға деген шексіз махаббаты бір сайда жатқан атасымен өлім аузында жатқан шалмен кездестіреді. Бұл фильмнің әсерлі жері осы. Дегбірі шыққан немересі атасының сау тамтығы қалмаған денесін ауылына алып келеді.
Бұл фильм прокатқа күз айында шығады деп жоспарлануда.

Фильм сценарийі Маулен Әшімбаев
Фильм Э.Хемингуэй повесінің желісімен түсірілген.
Продюссер; Е.Тұрсынов(Келін), Алесандр Вовнянко
Режиссер; Е.Тұрсынов
Сценарий авторы; Е.Тұрсынов
Операторы; Мұрат Әлиев
Композиторы;Қуат Шілдебаев
Монтаж; Дмитрий Слобцов
Рөлдерде; Ерболат Тоғызақов, Орынбек Молдахан, Исбек Әбілмажинов

3 пікір

AL-ASTER
Мына фильмге жазылған рецензия емес, фильмнің қысқаша мазмұны. Рецензия — фильмдегі идеяны ғана айтып, көрерменін қызықтыру керек сияқты.
MSHERIMBEK
Фильмнің мазмұнын айтып беру рецензия емес спойлер деп аталады:) Жалпы жақсы жазасыз)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.