"Келін" фильмінің ізбасары

Кино /


Кешікпей еліміздің кино театрларында иманы кәміл қазақтың жанын ауыртатын тағы бір көркем фильмнің тұсауы кесілейін деп жатыр. Киноның атын қазақшалап атаудың өзі ұят. Орысшсы – «Теряя невинность в Алма-Ате» деп аталады. Яғни, қыздарға Алматыға кеп пәктігіңді тәрк ет деп тұр. Есі дұрыс елдің фильмі – мемлекет тұрғындарын отансүйгіштікке, қайырымдылыққа немесе қайсарлыққа тәрбиелеуші еді, мына жазғандар (режиссерлерді айтам) азғындыққа үндейді… Сұмдық-ай!

Фильмнің жарнамасында тек қана жасы 21 жасқа толғандар үшін көрсетіледі деп жазып қойыпты. Сонда қалай, 21 жасқа толмағандардың көзі көрмей ме?! Сөйтсек, бұл кәдімгі эротикалық фильм екен. Қысқаша мазмұны – 13 қыздың Алматыда құдай берген пәктігін қалай жоғалтқаны туралы. Фильмді жасап шығарған Жанна Исабаева деген режиссер: жастардың алғашқы төсек қатынасын бүкіл елге көрсетемін деп, жар салып жүр.

Бұған дейін де бұл режиссердің түсірген мына бір туындысында: ауыл жігіті өз ауылдастарын тонап, тапқан ақшасын картаға салып ұтылады. Содан кейін көшеде кезіккен кейуананың соңғы 200 тенгесін ұрлайды… Досының екіқабат әйелін зорлайды… Осы туындысы үшін Жанна ханымға “Asia Pacific Screen Awards” кинопремиясында Азиядағы 2007 жылғы ең үздік режиссер атағын берді. Мына фильмі де оңып тұрғаны шамалы көрінеді. Сөйте тұра өткен қазан айында Варшава кинофестивалінде көрсетіліп, еуропалықтардың батасын алған. Олар: тумысы ұяң азиялықтардың эротика тақырыбына қадам басуын үлкен жетістік деп бағалап, біздің космополит режиссерллердің жауырынынан қағып-қағып қоя берген…

Сонымен халқымыздың менталитетіне жат, үстірт көрінісінде қоғамда болып жатқан оқиғаларды көркемдік тұрғыдан көрсеткен сияқты әсер қалдырып, арғы мақсаты – қазақ қыздарын азғындыққа шақыратын туынды жарық көретін болды. Бұл аты шулы «Келін» фильмінің ізбасары іспетті дүние.

Бұрындары осындай мұсылманшылыққа, адамгершілікке, ұлттық менталитетімізге жат дүниелерге қатысты Мәжіліс биігінен Бекболат Тілеухан ағамыз тойтарыс беруші еді, енді ол да жоқ. Қазақ өнері, маргиналданып, кім көрінген ойына не келсе соны жасайтын, жағдайға жетті. Оны тұтынатын қазақ ұлтының рухани кеңістігі ғаламның күл-қоқысын жинайтын алаңға айналып барады. Менің таңданатыным: осындай туындылардың жарық көруіне кім ұлықсат беріп отыр, еліміздің Мәдениет минисрлігі неге тоқтау салмайды бұған. Естуімізше, аталмыш кино бюджет қаржысы арқылы шығарылыпты. Сонда, сіз бен біз үкімет қоржынына төлеп отырған салығымызға – өзімізді мазақтайтын кино жасап бер деп, тапсырыс берген болғанымыз ба?!

Мұндай фильмды қарауда қорқынышты


режиссер Жанна Исабаева

керекинфо, және намыс.кз сайттарынан алынған

23 пікір

pari
Сұмдық-ай, сұмдық!
О дүние не болып барады өзі?!
Мұндай кинолар қазақ халқына жат! Бөгде! Біз үшін қоқыста жататын кино!
Кеше ғана «Жау жүрек мың бала» түсіріліп бір арқамызды кеңге жайып мәз болып едік.ЕНді бүгін мынадай кино түсірілсе лас болайындеп тұр.Құдай сақтасын!
SteVen_S_Sanzhar
Дұрыс айтасыңмұндай кинолар ужас кинодан да қорқынышты жиіркенішті
Sabions
тастаааааааааш а*ас
Qarabala_95
Шет елге еліктеу болар.Не де болса сұмдық екен.
SteVen_S_Sanzhar
Я шетелге еліктеп жүріп,ұлттық құндылығымыздан айырылмасақ болды
Jako
Мүмкін режиссердің мақсаты осындайдан аулақ болыңдар деу шығар, неғып шуылдап жатсыңдар.
Сенде ондайдан аулақ болыңдар деп сол сияқты фильмге түс онда.
Jako
Менің жасым өтіп кетті ғой одан,ғұламам.
alikona
Жако агай сенин акеннен улкен болмаса киши емес
pana
Балалар, тәрбие мен мән іздесеңдер кітап оқыңдар босқа шаршамай.
AL-ASTER
Бұл бум үшін ғой: атауы елең етіп қаптаған жұртты жинап алу үшін. Былайша, киноиндустрия арқылы, сан жылғы ата салты болған тыйымға түкіргені бар
User
Өмірдегі шындықты айтатын кино!

Шулап жатқандар сендер қалай туылдыңдар.Бәрімізде сондай бәледен туылғанбыз.!
kema
nekesizden tuylgandy tipti orystaeda jaktamaidy. ne sebepti orystar attaryn ataganda akesinin atymen koysp aitady, sebebi zandymyn degeni. ak senin aityp turganyn osyndaidan tuylganbyz dep koiady goi((( Kara bet, syuiekke tusken kara tanbadan beter.
SteVen_S_Sanzhar
Ондай болып туылсак, барлык адамдарга корсету керек па не,,,,,
qyrmyzy
вооо, қызығушылығымды оятты. Қорқпаңдар, біздің кинода андай кадрлар болмайды. Сосын, әртүрлі фестивальдарға баратын фильмдердің ішінде осындайлар көбіне орын алады екен. Режиссерлар да сол. Так ышто мынадай кино Оскарды алып жатса, таңқала алмаймын
Kinostrov
Еуропаға баспай ма
torpedaip
Ос фильмді түсіруге қатысы бар және көремін деп құлшынып отырғандарға Дарын ағамыздың мына өлең шумақтарын арнаймыз:
ЕСКЕРТУ

Қияметтің күнін ойлап, ес кетіп,
Алла барын қояйын деп ескертіп,
Сиясына батырып ап жүректің,
Қаламменен ақ қағазға жыр ектім.
Аспан жерді алты күнде жаратқан,
Хабардар бол Жаратушы әл-Хақтан,
Біліп алғын жәннат, тозақ ол да рас,
Өткінші өмір қызығына болма мас.
Сені Алла бір тамшыдан түзеді,
Күйіп-жанып, денең бәрін сезеді,
Өтіп кетер қайран өмір зуылдап,
Ағайының артта қалар шуылдап.
Тауып ашып табыт деген есікті,
Талай жандар бұл жалғаннан көшіпті.
Ақылыңның аясын сен тар қылма,
Ақыретте өмір жоқ деп сарқылма.
Ізгі амалың болса рухың бақ табар,
Сол рухың жауап үшін сақталар.
Жүрегіңде табылмаса иманың,
Пайда бермес мал мен мүлік жиғаның.
Екі көзін топырақ кеп көмбесе,
Дүниеге тоймайды адам, ендеше.
Жаман істер кілті болар тозақтың,
Есеп беру өлімнен де азап тым.
Алланы ойла, жақсы амал қыл, ерінбе,
Сол амалың дос болады көріңде.
Жаратқанды ойлар болсаң тағатпен,
Қуантады ақыретте жәннатпен.
Балаңа да қалдыр ілім мұрасын,
Сені ескеріп бағыштайды дұғасын.
Ғибадат қыл жаман істен сақтанып,
Алла алдында атың шығар мақталып.
alikona
буны Дарын емес баска биреуден естигем
Камераны ұстап тұрған жігіт Хасен емес пе екен, АГК да оқып еді кезінде.
жалпы фильмге түскен актерлар да актрисалар да кәдімгі жезөкшелік пен нәпсқұмарлықты насихаттауда жап жақсы сауап алып қалатын болды. Ертең өсіп келе жатқан немере-шөберелеріне біз осындай болғанбыз деп көрсетпек шығар. не болғанда да кинода бір тарих жатыр. Ертең осы фильм жарық көрсе сендер бәрің тамашалап шығатындарың анық. Өзгені түзеймін деп өздеріңді ұмытасыңдар. Жалпы әйел затына билікті берсең білгенін жасайды. Сондықтан ата-бабаларымыз әйелдің қол астында болмаған. Оның белгісі қазақта әйел патшалардың болмауы.(Томирис ше дейтіндерге ол қазақ емес, ол САҚ) Ал кетті! енді менің пікірімді ждамандап кететіндер басталады))
alikona
60 тардагыы шалдын сози
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.