Жаңа премьераларға шолу: Мелодрамалар шеруі 2

Кино /
Достар, естеріңізде болар, өткен жолғы шолуда біз апта премьераларының арасында мелодрамалардың ерекше көптігін айтқан болатынбыз. Осы аптада шамамен сол жағдай қайталанып отырған секілді. Оған қоса бонус ретінде Голливудта түспеген екі бірдей мульфильм бар. Мұндай туындылардан қажып жүрсеңіз тұңғыш қазақстандық фэнтези деп желеулеткен «Аңыздар кітабы: жұмбақ орман» мен танымал актерлар түскен «Тұзақ» атты қылмыстық драма прокатқа шықты. Таныса отырыңыздар.

10 жыл / 10 лет спустя


IMDb көрсеткіші бойынша көрермендердің орташа бағасын алып отырған «10 жыл» бәз-баяғы махаббат тақырыбын қозғайды. 10 жылдан бас қосқан сыныптастар кездесуіне Джейк өзінің сүйіктісін ерте келеді. Өзге жұрт қызыға да, қызғана қарайтын жұп ә дегеннен-ақ сезімде жолдары болған жандарды көрсетеді. Алайда Джейк алғашқы махаббатын жолықтырады. Аяқ асты оянған естеліктерге қарсы тұра алмаған жігіт өзінің жар таңдауда дұрыс қадамға барғандығына күмәнмен қарай бастайды.

Айтпақшы, қыздар, фильмде Ченнинг Татум ойнайды :)



Сұлу ханым / Влюбленные


Еуропалық драма. Фильм бас кейіпкерлердің бірін Наталья Водянованың ойнауымен ерекшеленеді.

Жиырмасыншы ғасырдың 30-шы жылдары. Ұлттар Лигасының жоғары дәрежелі шенеунігі Солаль Женеваға келеді. Бұл қалада бас кейіпер ақсүйек әйел Арианамен танысады. Уақыт өте келе олардың арасында үлкен махаббат оянады. Құрғыр, өмір-ай десеңізші…



Нико 2 — Ұшқыш бауырлар / Нико 2


Жаңа жылға ойластырылып прокатқа шыққан отбасылық мульфильм.

Әкесі секілді Санта-Клаустың бұғысы болуды армандайтын көңілді де батыр Нико Жаңа Жыл қарсаңында достарымен, туысымен таңғажайып оқиғаға тап болады.



Оңтайлы сәт / Now Is Good / Сейчас самое время


17 жастағы Тессаның өзге жасөспірімдерден еш айырмашылығы жоқ. Оның да арманы бар. Бірақ өмірін шектеулі деп түснетін ол дәмін татып көргісі келетін дүниелердің тізімін жасайды. Ол тізімде есірткінің дәмін татып көруден бастап парашютпен секіруге дейін кірген. Алайда Адам атты жігітке ғашық болуы бүкіл жоспарының быт-шытын шығарады.

Фильмде Голливудтың үлкен үміт сыйлап және оны ақтап жүрген жұлдыздарының бірі Дакота Фаннинг ойнайды.



Дон мысық және оның басбұзарлары / Топ Кэт


Супер Мысық басқарған қаңғыбас мысықтар тобы полицияның жаңа бастығы, қас жауы — офицер Дибблге тап болады. Полиция Мысықтың тентектігін басып, сүйікті мекенін қуып шыққысы келеді. Бірақ Супер Мысықтың командасы құқық қорғаушылардан құтылудың жолын қалай да таба алады.



Көктемгі үміт / Весенние надежды


Кино саласының жілігін шағып, майын ішкен Мэрил Стрип пен Томми Ли Джонс түскен мелодрама.

Отбасылық өмірлеріне 30 жыл болған егде жұп «қартайғанда кәрі боз жорға шығыптыға» салып сөнген сезімдерін қайта оятпақ болады. Оларға ортақ достары доктор Фелд көмектеседі.



Тұзақ / Черный дрозд


Әдемілігі көз сүріндіретін Оливия Уайлд пен «Трояда» Гектордың рөлін ойнап біраз адамды сықсыңдатқан Эрик Бана түскен «Тұзақ» қылмыстық драмасы жолдарын Тағдыр тоғыстырған адамдардың өмірін суреттейді.

Эддисон мен Лиза казино тонап, қуғыншыларанан қашуға мәжбүр болады. Бұрынғы боксшы Джей отбасымен Алғыс күнін мерекелеу үшін үйіне келе жатады. Тағдыр бұлардың басын қосады. Енді олар Зұлымдыққа қарсы тұрулары тиіс.



Аңыздар кітабы: Жұмбақ орман / Книга легенд: Таинственный лес


Осы аптаның «бомбасы».

Қазақстандық режиссер Ахат Ибраевтың қазақстандық тұңғыш фэнтезиі. Жан Байжанбаев, Гүлнар Дусматова, Жаннат Қуанышева, Фархат Әбдірайымов, Дәулет Әбдіғапаров, Айгүл Мүкей, Димаш Ақымов, Айнұр Ниязова, Санжар Мәдиев, Азамат Әшімов секілді бірқатар үлкенді-кішілі актерлар түскен. Отандық киноөндіріске қолдау білдіремін деп жүргендер үшін жақсы мүмкіндік.

«Аңыздар кітабы: Жұмбақ орман» Баха мен Таха атты балаларына қарауға мұршасы жоқ кәсіпкердің ұлдарының қызықты оқиғаға тап болғанын көрсетеді. Әлдебір патшайымға көмектесіп, ақысына аналарын тірілтіп алуды ойлаған екі жасөспірім фантастикалық әлемге апаратын порталы бар орманға тап болады.

Бір жағынан ертегінің зұлым кейіпкерлерінің, екінші жағынан өгей шешелері жіберген баскесерлерден қорғанған екі баланың хикаясы үлкен-кішіге бірдей қызықты болуы керек.



Құрметті киносүйерлер!

Киностан алдын-ала хабарланған, бірақ дер кезінде прокатқа шықпай қалған туындылар үшін жауап бермейді.

Шолу Киностан сайтында жарияланған мәліметтер негізінде дайындалды.

Сіздерге тек қызықты фильмдер тілейміз!

Дінмұхамед Зиядин

8 пікір

rauan
Аңыздар кітабы: Жұмбақ орман фильмі шынымен де осы аптаның бомбасы… Себебі Қазақстанда бұрын соңды фэнтези жанрында ешқандай фильм болмаған… Сондықтан қеремет болатын сияқты… Сірә 3D графикаға біршама уақыт кеткен шығар
MSHERIMBEK
Жаңа жылдың қарсаңында мультфильмнен асқан рахат нәрсе жоқ мен үшін:) Никоны қарау керек, басқасын білмеймін)
pari
Ал мен, «Один доманы» көремін. Евразия арнасынан.:)))
MSHERIMBEK
Енді, елде болсам, мен де көруге ұялмаймын:) Сендерді білмедім, біз кассетасын прокатқа әкеліп айналдыра көре беретін едік:)
qyrmyzy
bir kasseta bir auyldy ainalyp wygatyn edi desenwi
qyrmyzy
Kyzyktyrdyn! Otken aptada jalgyz melodramma jurdi, ol da bolsa tungi 1de.
VVVWWW
Айтпақшы, қыздар, фильмде Ченнинг Татум ойнайды :)
түсінбедім, неге именно қыздар (біздеге қарауға болмайтын болғаны ма?)
qisyq
Жоқ, енді, Ченнинг Татум ұнайтын болса, көре беріңіз, мен не деймін:)))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.