«Меняющие реальность» фильміне пікір

Кино /
Өмір дегеніміз не? Осы сұрақты әр адам өзіне қойып көрген болар. Өмір деген бақыт па біз аңсайтын немесе махаббат па зарыға күтетін әлде иман ба онсыз өмір сүре алмайтын. Адам өмірде бақыттың бір секундын болса да басынан өткерген, бірақ өзіне көп жағдайда сене бермейді. Бақытты басынан кешірген, махаббатты өткерген болса да оны өз уақытында түсіне бермейді.
«Меняющие реальность» фильмі — таңғажайып туынды, себебі белгілі бір жанрға жатқызудың өзі қиын. Фантастика да,ғылыми бағытта және мелодрама да бар. Фильмнің режиссері Джордж Нолфи. Оқиға барысы конгрессмендікке кандидат Дэвид Норристің алдын ала “өмір тақтасына” жазылған тағдыры хақында баяндайды. Жалпы “тағдыр” дегенді алдын ала маңдайымызға жазылып қояды деген түсінік қалыптасқан. Фильм өте мағыналы және көруге тұралықтай.

Себебі кейде тағдырдың басымызға жазғаны осы деп қолымызды бір сілтеп кете беретін сәттер өмірімізде жиі кездеседі. Егер шын ниетіңмен қаласаңыз алдыңыздан қаншама қауіп-қатер, қарама-қайшылық пен кедергілерге тап болсаңызда,қарсы тұруға болатындығы туралы жақсы тағылым көрсетеді.
. Балерина Элиза мен саясаткер Дэвид кездейсоқ кездесіп қалады. Ғашықтар бірге болуды қалағанымен, өмір тақтасында олардың бірге болуы туралы сызба қалдырылмаған.

Демек, “тағдырдың адамдары” екеуінің кездесуіне жол бермейді.

Фильм барысында көптеген қиындықтарға тап болып, тағдыр қарсылығы тосқауыл жасай берсе де Дэвид өз күресін жалғастыра береді. Егер екі ғашық қосылса, онда тағдыр адамдары екеуінің іскерлікте де өмірінде де жолы болмайды дегенді алға тартады. Элиза балет өнерінде өз атын қалдыра алмайды, ал Дэвид саясаттың биік шыңдарына жетіп, белді саясаткер бола алмайды дегенді басты назарда ұстайды.

Фильмнің бір қайшы тұсы немесе жаңашылдық жағы десекте болады. “Тағдыр адамдары” қарапайым пенделерден бастарындағы қалпағы арқылы ғана ерекшеленеді. Тағдыр дегенде ол бір көзге көрінбейтін елес пе, белгісіз бір дүние болғанда ғана тағдыр деп қабылдау оңайырақ болар еді. Жалпы кино осы тұсымен де ерекше деп ойлаймын. Өмір үшін,өз қалаған арман мақсатыңыз үшін, сүйгеніңіз үшін әрқашанда күресу қажет. Өз мақсатыңыз бір сәттен орындалмай қалды екен деп, бас тарту керек емес дегенді үйретеді. Фильм менің ойымша сәтті шыққан.

8 пікір

AshTrollToqTrollmenOinamaide
фантастикадан да мелодрамадан да жалықтым вестерн болмаса, бір жақсееее тарихи кино көргім кеп жүр
Jado
Последний самурай көріңіз… тек ол жапонияның тарихы ау деймін…
jalyn
Көру керек екен! Сілтемесін де қосып қойсаң тіптен жақсы болар еді)
yerbol89
Мэтт Дэймонды өз басым экшн жанрындағы кинолардағы сомдайтын рөлдері ұнайтын еді. Борн атты кино трилогиясын сүйсіне көрген едім. Өте жақсы актер, кинолары қызықты.
Бұл кинодағы рөліне риза болдым. Нағыз сайлауға түсіп жүрген ел азаматы, бір шетінен романтик. Бір қалада 20 миллион адам тұратын Нью йорк қаласында екеуі 2-3 мәрте кездесіп қалады. Тағыдыр туралы шытырман оқиғалы қызық кино. Көруге кеңес беремін.
asdsadsa
жалпы көруге туратын кино сиақты қарап көрейік ендеше!
Jado
Әрине көріңіз!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.