Аспан астындағы автокинотеатр.

Кино /
Кино: Аспан астындағы автокинотеатр.Былтырдан бері біздің Таразда бір кино көру алаңы пайдалануға берілді. Былайша қарағанда несі бар, казір не көп кинотеатрлар көп емес па деуге де болады. Бірақ осы бір кино көру орнының бір ерекшелігі ашық аспан астында, өз автомобиліңізбен барып сол автоңыздың ішінде отырып көресіз.Экрандағы жүріп жатқан фильмнің дыбысын өз автоңыздағы радиоприемнигіңіздің жиілігінен тауып аласыз дағы сол арқылы тыңдап отыра бересіз. Билет бағасы бір автоға 700 теңге. Сол 700 теңгені төлейсіз дағы көре бересіз, автоңызда қанша адам болса да бәрі-бір, әрі сол бағаға сізге бір қорап поп-корн презенті бар беретін. Өз байқағаным алдыңғы салондағыларға ыңғайлы болғанымен, артқы салондағыларға қолайсыз ба дедім.(Бірақ ондай жерге екі-ақ адам болып баратын шығар) Былайша өте ыңғайлы,өзіме ұнады. Сіздерде бұндай орындар бар ма?

2 пікір

yesbolat83
Біздің Жаңаөзенде де бар. Жұрттар жақсы пікірлерін айтуда. Сендерде арзан екен, бізде 1000 теңге дейді. Баруға сәті түспей жүргені. Кешкісін отбасыңмен баруға жақсы ойлап табылған нәрсе.
Kan
Бұл денсаулыққа пайдалы шығар. бірақ өзім көрмеппін.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.