FAT пен NTFS-тың айырмашылығы неде?

Компьютерлер туралы /

Операциялық жүйені қондыру барысында, файлдық жүйені таңдауды сұрайды. Қолданушы файлдық жүйенің екі түрінің біреуін FAT-ты немесе NTFS-ты таңдау керек.

Бірақ көп жағдайда қолданушылар NTFS-ты «жақсы» деп таңдайды.

Сол уақытта көп қолданушыларға не себептен NTFS FAT-тан қарағанда жақсы екенін білу қызықты болар деп, осы мақаланы жазуды жөн көрдім.

→Файлдық жүйе — файлдарды қатқыл дисктің қай жерінде және қалай сақталу керектігін анықтайды. Операцилық жуйеге сол сақталған файлдарды пайдалануға рұқсат береді.

ОЖ көз қарасымен, қатқыл диск — бұл кластерлердің жинағы.

→Кластер — құжатты белгілі бір жерде сақтауға арналған белгілі мөлшердегі аумақ. Кластердің ең аз аумағы — 512 байт.

Қатқыл дискте көп танымал файлдық жүйенің екі түрі бар: FAT және NTFS. Бірінші FAT (FAT16), содан кейін FAT32, ал содан кейін NTFS шыққан.

FAT (FAT16) — бұл File Allocation Table аббревиатурасы ( аударғанда файлдардың орналастыру кестесі ).

FAT-ты Биллом Гейтс пен Марком МакДональд 1977 жылы жасап шығарған. FAT — файлдық жүйе болып DOS пен Microsoft Windows- та (Windows ME версиясына дейін) қолданылған.

FAT-тың төрт версиясы бар — FAT12, FAT16, FAT32 және exFAT. Олардың бір бірінен айырмашылығы — кластерді сақтауға арналған биттің көлемінде.

NTFS — ( New Technology File System аббревиатурасы — жаңа технологиялық файлдық жүйе )— Microsoft Windows NT операциялық жүйелерге арналған стандартты файлдық жүйе.

Windows NT 3.1 мен бірге 27 шілде 1993 жылы шыққан. NTFS файлдық жүйесі, HPFS ( High Performance File System аббревиатурасы — жоғары өнімді файлдық жүйе ) файлдық жүйесі(-не қарап) негізінде құрылған.

NTFS-тың Негізгі ерекшеліктері:

Әртүрлі қолданушыларға және топтардағы қолданушыларға шектеу қою және дисктегі аумақты қолдануға да шектеу қою мүмкіндігі. Файлдық жүйенің сенімділігін көтеретін Жүйелік жүрнал бар.

FAT32 мен NTFS айырмашылығы:

Мысалға: 120Гб-тық қатқыл диск бар делік. Ал файлдың аумағы 10кб болсын.

FAT32 үшін кластердің аумағы 32кб болады. Ал NTFS үшін 4кб болады.

FAT32-де 10кб файл 1 кластердің орнын алады. 30кб — 10кб = 22Кб бос орын қалады.

NTFS-те 10кб файл 3 кластердің орнын алады. 12кб — 10кб = 2кб бос орын калады.

Қолданушы көз алдына қатқыл дискті торлы дәптер деп елестетсе. Торлар — Кластерлер. Бір тор — бір кластер. Ал файлдық жүйе — дәптер ішіндегі ақпараттар. Файл -сөздер.

Мысалға: бір кластер — бір тор. Торға нүкте қойсаң оған басқа ештеңе жаза алмайсың. Сондай сияқты FAT32 30кб-тық кластерге 10кб-тық файлды сақтаймыз, сонда 22кб бос қалады.
Ал бос қалған 22кб-қа басқа ештеңе жаза алмайсың.

NTFS-те 10 кб сақталу үшін 4кб-тық 3 кластер керек. Сонда 2кб бос қалады. 2кб-қада ештеңе сақтай алмайсыз.

Көріп тұрғаныңыздай FAT32-ге қарағанда NTFS-те қалданыла алмайтын бос орын аз қалды. Соған сәйкес NTFS FAT32-ге қарағанда үнемділеу.

Қатқыл дискіңіз қандай файлдық жүйеде екенін білу үшін:

Локальный диск(?:)-ке тышқанның оң жағын басып «Свойства»-ға кіреміз. Содан кейін«Общие» таңдаймыз. Сол терезеден қандай файлдық жүйе қолданылып тұрғанын көреміз.

Мақала мына сайттан алынды.

6 пікір

MSHERIMBEK
Хехе, осы уақытқа дейін шынымен айырмашылығын білмеген екенмін:) Рахмет:)
beko
соны айтам да мен де, осы уақытқа дейін толықтырып оқымаппын қазіргіге дейін…
Рақмет.
Abylai
Фатты қолданбаймын тойыс фатты ынтфске айналдырып тастаймын айналдырылса, фат флешкалер үлкен көлемдегі файлдарды көшіргенде ошибка шығарады жоқ жерден.
Дұрыс па?
sandibek
Флешкам — ФАТ32, локалды дисктерім — НТФС екен. Осыны оқып дефрагментацияның да жобамен не екенін түсіндім. рахмет
Begimzhan
Рахмет, пайдасы тиді.
AL-ASTER
FAT жүйесінде болғанда, кенет токтан ақау болғанда, сақтау құрылғысындағы мәліметтердің зақымдану ықтимадығы жоғары болғаны үшін, Windows NT (оған дейін ДОС командалық ОЖ түрлері) үшін NTFS жасалып шыққын көрінеді. Әрине, FAT жылдамдығынан NTFS жылдамды аздау, десе де, компыңызды талай розеткадан суырып алып қайта қосқанда жұмыс істеп тұрған Виндоусты көріп, ол қауіпсіз екенін көруге болад.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.