FAT пен NTFS-тың айырмашылығы неде?
Операциялық жүйені қондыру барысында, файлдық жүйені таңдауды сұрайды. Қолданушы файлдық жүйенің екі түрінің біреуін FAT-ты немесе NTFS-ты таңдау керек.
Бірақ көп жағдайда қолданушылар NTFS-ты «жақсы» деп таңдайды.
Сол уақытта көп қолданушыларға не себептен NTFS FAT-тан қарағанда жақсы екенін білу қызықты болар деп, осы мақаланы жазуды жөн көрдім.
→Файлдық жүйе — файлдарды қатқыл дисктің қай жерінде және қалай сақталу керектігін анықтайды. Операцилық жуйеге сол сақталған файлдарды пайдалануға рұқсат береді.
ОЖ көз қарасымен, қатқыл диск — бұл кластерлердің жинағы.
→Кластер — құжатты белгілі бір жерде сақтауға арналған белгілі мөлшердегі аумақ. Кластердің ең аз аумағы — 512 байт.
Қатқыл дискте көп танымал файлдық жүйенің екі түрі бар: FAT және NTFS. Бірінші FAT (FAT16), содан кейін FAT32, ал содан кейін NTFS шыққан.
FAT (FAT16) — бұл File Allocation Table аббревиатурасы ( аударғанда файлдардың орналастыру кестесі ).
FAT-ты Биллом Гейтс пен Марком МакДональд 1977 жылы жасап шығарған. FAT — файлдық жүйе болып DOS пен Microsoft Windows- та (Windows ME версиясына дейін) қолданылған.
FAT-тың төрт версиясы бар — FAT12, FAT16, FAT32 және exFAT. Олардың бір бірінен айырмашылығы — кластерді сақтауға арналған биттің көлемінде.
NTFS — ( New Technology File System аббревиатурасы — жаңа технологиялық файлдық жүйе )— Microsoft Windows NT операциялық жүйелерге арналған стандартты файлдық жүйе.
Windows NT 3.1 мен бірге 27 шілде 1993 жылы шыққан. NTFS файлдық жүйесі, HPFS ( High Performance File System аббревиатурасы — жоғары өнімді файлдық жүйе ) файлдық жүйесі(-не қарап) негізінде құрылған.
NTFS-тың Негізгі ерекшеліктері:
Әртүрлі қолданушыларға және топтардағы қолданушыларға шектеу қою және дисктегі аумақты қолдануға да шектеу қою мүмкіндігі. Файлдық жүйенің сенімділігін көтеретін Жүйелік жүрнал бар.
FAT32 мен NTFS айырмашылығы:
Мысалға: 120Гб-тық қатқыл диск бар делік. Ал файлдың аумағы 10кб болсын.
FAT32 үшін кластердің аумағы 32кб болады. Ал NTFS үшін 4кб болады.
FAT32-де 10кб файл 1 кластердің орнын алады. 30кб — 10кб = 22Кб бос орын қалады.
NTFS-те 10кб файл 3 кластердің орнын алады. 12кб — 10кб = 2кб бос орын калады.
Қолданушы көз алдына қатқыл дискті торлы дәптер деп елестетсе. Торлар — Кластерлер. Бір тор — бір кластер. Ал файлдық жүйе — дәптер ішіндегі ақпараттар. Файл -сөздер.
Мысалға: бір кластер — бір тор. Торға нүкте қойсаң оған басқа ештеңе жаза алмайсың. Сондай сияқты FAT32 30кб-тық кластерге 10кб-тық файлды сақтаймыз, сонда 22кб бос қалады.
Ал бос қалған 22кб-қа басқа ештеңе жаза алмайсың.
NTFS-те 10 кб сақталу үшін 4кб-тық 3 кластер керек. Сонда 2кб бос қалады. 2кб-қада ештеңе сақтай алмайсыз.
Көріп тұрғаныңыздай FAT32-ге қарағанда NTFS-те қалданыла алмайтын бос орын аз қалды. Соған сәйкес NTFS FAT32-ге қарағанда үнемділеу.
Қатқыл дискіңіз қандай файлдық жүйеде екенін білу үшін:
Локальный диск(?:)-ке тышқанның оң жағын басып «Свойства»-ға кіреміз. Содан кейін«Общие» таңдаймыз. Сол терезеден қандай файлдық жүйе қолданылып тұрғанын көреміз.
Мақала мына сайттан алынды.
6 пікір
Рақмет.
Дұрыс па?