"Автозапуск" қызметін тоқтату
«Автозапуск» — Флешка немесе диск қосқанда «Автозапуск» қызметі іске қосылады.
«Автозапуск» қызметі кейбір қолданушыларға ыңғайлы болып келгенімен, кейбір қолданышыларға ыңғайсыз, тек уақыт созатын қызмет болып табылады.
Бірақ маңыздысы «Автозапуск» қызметін қосылып тұрғанда, флешка немесе диск салғанда autorun.inf файл арқылы вирустар кіреді. Сондықтан Дербес
компьютердің қауіпсіздігі үшін «Автозапуск» қызметін сөндірген дұрыс. «Автозапуск» қызметін 2 түрлі тәсілмен тоқтатуға болады.
1. Реестрді өзгерту арқылы.
2.«Групповой политики» өзгерту арқылы.
1.Реестрді өзгерту арқылы:
Мәзір(Пуск) → Выполнить → ашылған терезеге regedit жазамыз → «ОК»
— Ашылған Редактор реестра терезесінде осы тізімге сайкес тармақтарды ашасыз [HKEY_CURRENT_USER\Software\Microsoft\Windows\CurrentVersion\Policies\Explorer];
— Тармақтарды ашып, ең соңғы Explorer жеткенде, терезенің оң жағында NoDriveTypeAutoRun деген файл бар соның үстінен екірет басамыз.
— Ашылған «NoDriveTypeAutoRun» терезеге барлық «Автозапуск» қызметін тоқтау үшін «FF» деп жазамыз. Сосын «ОК» басамыз.
Осымен Реестрді өзгерту аяқталды. Енді келесіде дискі немесе флешка салғанда «Автозапуск» қызметі қосылмау тиіс.
2.«Групповой политики» өзгерту арқылы.
Мәзір(Пуск) → Выполнить → ашылған терезеге Gpedit.msc жазамыз → «ОК»
— Ашылған «Групповая политика» терезесінде келесі тармақтарды ашамыз «Конфигурация компьютера → Административные шаблоны → Система».
Оң жақ қапталдағы терезеден «Отключить автозапуск» деген сөзді іздейміз. Табамыз үстінен тышқанның сол жағымен екі рет басамыз.
— Ашылған терезеде «Включен» дегенге белгі қойып, Отключить автозапуск на: деген жазуға « всех дисководах» деп таңдаймыз.
— «ОК» басамыз. Дербес компьютерді сөндіріп қосамыз. Енді келесіде дискі немесе флешка салғанда «Автозапуск» қызметі қосылмау тиіс.
Мақала мына сайттан алынды.
5 пікір
ШЕШІМІ БАР! Ол үшін мына Vaccine.exe прогасын жүктеп ал. Сосын не бәрі бір ғана шерту арқылы бітіресін шаруаңды. Vaccine.exe жүктеу
1) Ол комптың автозагрузкасын өшіреді, жоғарыда айтқандай.
2) Ал екінші ол влешкаға вакцина салады. Оның пайдасы, флешкаға кейбір (autorun.inf арқылы жұмыс жасайтын) вирустар кірмейтін болады.
Ескерту: Флешкаға вакцина салғасын, бір файл флешкада пайда болады, ол міне
оны өшіре көрмеңіздер. Бәрібір де ол өшеді тек, форматирование жасалғанда. Сол сіз істеген вакцинаңыз. Ал енді сәттілік! Ал жоғарыдағы пост болса жақсы жазылыпты.