Қайтатын уақыт та жақындапты

Көңіл үшін _ . . . /
Біразыңызға белгілі ауылға келіп жатқаным. Ауыл деген шіркін күшті ғой, адамдарыда өзгеше қаладан.
2000 жылы қыста Қуатпен жатахананың бір бөлмесінде танысып, үш жыл бірге студентік жылдардың қызықты сәттерін бірге өткізіп, айнымастай дос болдық. Амал қанша 10жылдан кейін екеумізді ажал айырды, жатқан жері жайлы болсын деп, ол жайды естеліктерді еске алып үнсіз ғана күрсіну келеді, сағына еске алып. Қуат мен үшін аға, бауыр, дос,әкемдей ардақ тұтқан жандардың бірі болатын. Қуат деп дос болып жүріп көп нарселерді түсіндім, (кейінірек Қуат жайды тоқталам, жеке жазба етіп) бала кезден ауыл өмірін көрсем екен деп армандайтынмын, ол арманыма қол жеткізген осы досым болатын. Әр каникулды Аякөз ауданы Тарбағатай ауылында өткізетінмін.

Міне жолым түсіп, досымнын үйіне құран оқытып қайтым, біраз күн демалып, ауылдың ауасын жұтып, ауызашарда болып, ерекше бір сезімді сезіндім, біз жақта ауызашар үнсіз келіп тамақ ішіп, ақырын сөйлеп жаңалық айтканды ғана көріп жүрген басым, ауылдың алты ауызынан салиқалы әңгіме естіп, уағыз тыңдап рухани азық алып қайттым. тау басына шығып еркін тыныстап, жүректің күйін шертіп, көңілдегі ойларды ой елегінен өткізіп, сол таудың басында наққа жіберетіндерді наққа жіберіп, басымдағы ойларға, алдағы жоспарларыма сортировка жасап қайттым, жеңілдеп.




Аудан орталығы Аякөзге келіп,

ескі таныстарымды көріп, бірге оқыған сыныптастарымды көріп сағынышым басылып, жұмысқа деген энергия жинап, кеудемде бір алапат күш пайда болғандай.Жаңа ғана аудандық мешіттен келіп, Қадір түніне арналған уағыздарды тыңдап келдім.Міне достар ауыл жаққа барып қайтқан жайым осы.
Досымның ағасына біраз көмектесіп, құдық қазыстым.Атқа мініп, кеудемді самал желге тосып, рахаттанып, шабыттанып қайтым. Ауыл жанынан ағып жатқан өзенге шомылдым. (оның суретін салмай ақ қойайын "қара ма ақ де" дейтіндер бар)
Ауылдың қорадаға қойлары сәлем айтуда қаладағыларға:
Өткенде байқау қорытындысында айтқан қыздардың (АКА, Көркем,Қырмызы) жүлделерін салуға бүгін сәті түсіп, қазір бір жарым сағаттан соң Алла қаласа жолға шықпақпын, үйіме қайтуыма. Қадір түнінде тілеген тілектеріңіз қабыл болсын.

46 пікір

Jako
Керемет табиғат, әсіресе 2-3-ші суреттер, әлі осылай гүлдеп тұр ма?
Zhanat
иа Қызылтас деген таудын баурайы әлі гүлдеп тұр екен, бұл жаққа көктем жай келеді, Тарбағатай тауының басында ақ қар жатыр екен.
qyrmyzy
Қырмызының Алматыға келуін күткен күндер
ұжс, ялдыыым! Сыйлығыңызды алдым, рахмет үлкен. Ағам берген кружкамен шәй ішіп, Фәкеңді оқып, алғыс хатқа бір қарап қойып, ши бауырсақтан жеп отырмын, ық ық. Ана тау неткен керемет еді… барайыншы… гүлдер де, тау да әдеміііі. Өзіңізді де кадрға сыйғызып жібермедіңіз бе?:) Семейге қарағанда Аягөз әдемі ме деқалғам, өз басым. Не ғо, қойлар көздерімен сәлем жолдап тұр-ау! Қабыл алдым. Сәлемет болсын:)
AKA
Қойлардың көзі жанып тұр екен. Жақсы фоторепортаж болды.
Zhanat
келе ғой, күтіп аламын.
Korkem
аха))) мен де алдым. Алғысым зор!
Ademi
Сіз қандай сыйлық алдыңыз?
Zhanat
өзім сыйлаған гүлді өзіме қайтарып бердің ғой)))
qyrmyzy
мағам гүл кеген жоқ
Chimaq
Tabighaty keremet eken…
Jako
Құдықтың іші мен аттың үстіндегі өзіңіз боларсыз.
qyrmyzy
Аға, былай, қалай, күйеу бала болуға жарай ма?
Jako
Жанатты айтасың ба,әрине, альтернивасыз дайын күйеу бала.
qyrmyzy
Онда қызыңызды дайындай беріңіз.
Jako
Ой, бәрің де менің қызымсыңдар,қалағандарың айта беріңдер.
qyrmyzy
со ғо, бір қызыңызды берейін деп тұрсыз мына ағаға
Jako
«Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған»-деген, алдымен елден мақтау алсын.
qyrmyzy
оххх, Жанат аға, алтын, қола сырға! Ал, сынап жіберіңіз, Жако аға
Jako
Енді жазбаларын бәрің білесіңдер, жомарттығын көріп жүрсіңдер, ат үстінен, құдық ішінен көрдіңдер, нағыз суға түссе батпайтын, үстінен тау құласада жатпайтын, тау ұлы ғой. Одан басқа не керек,қамданыңдар.
qyrmyzy
қамданыңдар.

Айтсаңыз болды! Кеттім, құрақ көрпе тіге берейін… Көркем, дайындал!
Zhanat
мында не дайындық болып жатыр)))
Zhanat
иә менмін ағасы
qyrmyzy
Көркем, Көркем, мында кел! Вуаля, нұрлы жүздеріңізді көрдік-ау…
Zhanat
Көркемді қайда жібергенсіңдер, көрінбейді ғой өзі соңғы күндері
qyrmyzy
тағы, сондай қалың киіммен жүресіздер ме?
Zhanat
суық жел соғып түрады кешке қарай. апам қалың киініп жүр ауырып қаласың деген)))))
qyrmyzy
біз кешкісін жеңіл бірдеңе іліп аламыз, болды:)
didi0393
Жанары оттай жанып мынау койлар сүгіретке кучт түседі екен!))))))))табиғаты тамаша жер екен!
Ais_97
көздері жанады екен))))
Jako
Қойдың көзі түнде жарыққа шағылысып көқпеңбек болып жарқырайды.
Ais_97
әдемі-әдемі)))
ereke_enu
Табиғаты ерекше екен
banzaika1990
Оххх таныс, таныс, бәрі таныс. Әттең осы жолы ауылда атқа отырып бір көсіле алмадым-ау. Есесіне ноқтамды сайлап тайыншаларды бір тырқыраттым ау.
qyrmyzy
не дейді????
banzaika1990
қай жері түсініксіз немесе қай жеріне таңқалдың Қырмызы-ау))))))))))))))))))))))))
qyrmyzy
. Есесіне ноқтамды сайлап тайыншаларды бір тырқыраттым ау.
banzaika1990
Ноқта деген жүген сияқты бірақ ауыздықсыз арқан жіптен жасалады. Бұзау іздеуге барарда сол ноқтаны ала кетесің де, қайтарда бұзаулардың ішінен ересектеуін ұстап алып басына ноқтаны саласың да мініп аласың. Осылайша бұзауды жаяу іздеп, тайыншамен айдап әкелесің. ))))))))))))))
qyrmyzy
вахахахаха, қандай кучт!
banzaika1990
Жалпақ тілмен айтқанда осылай, мағынасын ашып толықтай ағаларымыз түсіндіре кетер бәлкім.
kema
Noktany tek buzauga gana emes, atty da noktalap shauyp jurgenbiz)))
banzaika1990
әрі ноқтамен, әрі жайдақ дейсіз ғой. Иә оны да көргенбіз
Zhanat
оқыра тиген тайыншаларды ма,өрістен қайтқан тайыншалардыма
banzaika1990
ой оқыра тиген бұзауға мінерліктей дух жоқ қой менде, сол өрістен қайтқан момақан бұзауларымыз да
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.