↑ Жоғары шығу
24 қыркүйек 2012

Ағылшын тілі! КӘМІНТРИӘ ЖАЗБАНДАР ПРОСТО ПЛӨС ҚОЙЫП ОТЫРСАНДАР БОЛАД!

Ағылшынша үйрену. 1-сабақ (Сәлемдесу, танысу).

Сәлем!

Сәлемдесу — сөз басы дегендей ағылшын тілін үйренуге арналған бірінші сабағымызды сәлемдесу, хал-ахуал сұрау және қоштасар кезде айтылатын сөздерге арнаймыз.

Greeting | Сәлемдесу

Hello! | Сәлем!

Hi! | Сәлем!

Good morning! | Қайырлы таң!

Good afternoon! | Қайырлы күн! (afternoon деген сөз түс қайтқан кезді білдіреді. Бірақ қазақша олай сәлемдесу болмағандықтан ол уақытта Қайырлы күн! деген орынды болады.)

Good evening! | Қайырлы кеш!

Good night! | Қайырлы түн! (Қайырлы түн деген сөз көптеген тілдерде жатар алдындағы сөз ретінде де қолданылады.).

Бастапқыда жазылған Hello! Hi! сөздері сыпайы түрге жатпайды. Ресми кездесулер мен жасы үлкен бейтаныс адамдарға олай айтылмайды. Тиісінше, сыпайы түрде Good morning!, Good afternoon! т.с.с. сөздер айтылады.

Танысу (жағдай сұрасу) | Getting Acquainted

— How are you? | Қалың(ыз) қалай?

Thanks, I am fine! And you? | Рахмет, жақсымын. Өзің(із) ше?

I am fine too! | Мен де жақсымын!

— Where are you from? | Қайдан боласыз?

I am from Almaty. | Мен Алматыдан боламын!

— How old are you? | Сіздің жасыңыз нешеде?

I am 20 (twenty). | Мен жиырмадамын.

I am a student. | Мен студентпін.

I study at a University. | Мен университетте оқимын.

Tell goodbye | Қоштасу

Good bye! | Сау бол(ыңыз)!

Bye-bye! (Bye!)! | Сау бол(ыңыз)!

See you soon! | Келесі кездескенше!

Take care! | Аман бол! (Сау тұр!)
?

Пікірлер:11

  • khairbek
  • 24 қыркүйек 2012, 13:33
  • 0
пыкырды по существу жазындар
  • qyrmyzy
  • 24 қыркүйек 2012, 14:17
  • 0
Файлдар сабақтың соңында тұр.
Электронды пошта адресі оң жақта тұр.
қайда?
Рахмет!
  • khairbek
  • 24 қыркүйек 2012, 22:31
  • +3
Ағылшынша үйрену. 2-сабақ (Қарым-қатынас сөздері).

Адамдармен қарым-қатынас жасау барысында және өзіңізге қажетті сұрақтар бойынша сұрау салғыңыз келсе, алдымен, әдеппен, сыпайы түрде қаратпа сөздерді немесе соған ұқсас сөз тіркесін қолдануыңыз керек. Кей жағдайда сіздің жауап беруіңізге тура келеді. Сондай кездерде айтатын негізгі әрі көп қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері төменде келтірілген.


  • khairbek
  • 25 қыркүйек 2012, 16:42
  • +1
Ағылшынша үйрену. 3-сабақ: Дүкендегі қызмет, жөндеу, қызмет көрсету

Дүкенге немесе сауда орталықтарына барғанда, бұзылған аппараттарды жөндетуге барған кезде айтылатын негізгі қарапайым сөздер болады. Міне, сондай сөздердің біразы төменде келтірілген.



Жақсы-ақ ақпарат. Бүгінгі англитизацияланған пәндегі алған 2-іден кейін көңіліміз орныға түсті. good information xd)
  • khairbek
  • 25 қыркүйек 2012, 23:46
  • 0
Ағылшынша үйрену. 4-сабақ: Телефонмен сөйлесу, пошта қызметі

Телефонмен сөйлесу, пошта қызметі

Телефонмен сөйлесу, пошта қызметі жайлы сөз тіркестерін төртінші сабақ ретінде қарастырып отырмыз. Қоңырау шалу мен қоңыраудың түрлері жөнінде, поштаға бару мен ондағы айтатын бір-екі ауыз сөздер төмендегі сөз тіркестері мен сөздік қорда қарастырылған.

I would like to make a call to Astana.| Астанаға қоңырау шалайын деп едім.

Where can I find a public phone around here? | Жақын жерден телефон автоматын таба аламын ба?

Hold the line, please. | Өтінем, желіде қалыңыз.

Where is the post office? | Пошта (пошта мекемесі) қайда?

I would like to send it by express. | Жылдам поштамен жөнелтейін деп едім.

How much does it cost to send a letter to Aktobe? | Ақтөбеге хат жіберу қанша тұрады?

  • khairbek
  • 25 қыркүйек 2012, 23:48
  • 0
КӘМІНТРИӘ ЖАЗБАНДАР ПРОСТО ПЛЮС ҚОЙЫП ОТЫРСАНДАР БОЛАД! АЛҒЫСТАРЫНДЫ ЛЫШКАҒА БЫЛДЫРЫНДЕР
Пікір 2021-09-25 23:48:42 күні khairbek тарапынан түзетілді
  • khairbek
  • 26 қыркүйек 2012, 23:22
  • 0
Жылдарды айта білу, ай аттары мен апта күндерінің аттарын айту мен олар жайлы болатын сұрақтарды осы бесінші сабақта қарастырамыз. Әр айға және аптаның әр бір күніне жеке-жеке мысалдар келтіріп жатудың еш қажеті жоқ.

Days of the week | Апта күндері

What day is it today? | Бүгін қандай күн?

Today is Sunday | Бүгін — жексенбі.

I was born in May 1990 | Мен 1990 жылы мамыр айында туылдым.

Last month he had a birthday | Өткен айда оның туылған күні болды.

We do not work at weekend | Біз демалыс күндері (аптаның соңында) жұмыс істемейміз.

She comes on Monday | Ол дүйсенбіде (дүйсенбі күні) келеді.

  • khairbek
  • 28 қыркүйек 2012, 21:48
  • 0
Ағылшынша үйрену. 6-сабақ: Уақыт пен сандар

Сағат қанша болды? деген сұраққа ағылшын тілінде жауапты қалай береді? Немесе сізден солай сұраса қалай жауап берер едіңіз? Осы секілді сұрақтар мен олардың жауаптарын алтыншы сабақтан ала аласыз. Сонымен бірге, сандардыда осы тақырыпта қамтимыз. Өйткені сандар мен уақыт бір-бірлерімен тығыз байланысты.



avatar
  • Jako
  • 30 қыркүйек 2012, 18:52
  • 0
Мен сияқтыларға жақсы екен, көп нәрсені түсінбеймін, сонда да жаза беруіңді сұранамын.
Пікір 2021-09-30 18:53:40 күні Jako тарапынан түзетілді
avatar
  • Jako
  • 30 қыркүйек 2012, 18:55
  • 0
Сандар мен бөлшектердің де қалай оқылатынын кириллицамен жазссаң жақсы болар еді, жаттап алуға.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.