Осенний бал → Күзгі бал

Көңіл үшін _ . . . /


Сәлем, Айтаберліктер:)

Міне күздің екінші айы Қазанда эстафета таяқшасын Қарашаға табыстар күнде жақын қалды. Әр мектептерде «Күзгі бал» мектеп оқушыларының сайыс түрінде өтетін шарасыда өтіп жатыр. Жәй өтіп жатқан жоқ, қызықты да тартысты өтуде. Біздің мектепте де бүгін «Күзгі бал» өтеді. Өздеріңізде байқаған боларсыздар Сұрақ-Жауап сайтында «Күзгі балға» қатысты сұрақтар көбейіп жатыр. Соған қарағанда оқушылар қызу дайындық үстінде. «Күзгі балға» 7-11 сыныптар аралығы қатысады.
Ал 1-6 неге қатыспайды?
,- деп ойлап жатырсаңыздар, олар жәрмеңке өткізген болатын. Сондықтан олар өз істерін әлдеқайда тындырып тастады. Менің айтпағым бұл емес. Менің сұрайтыным «бал» сөзі қандай ұғымды білдіреді. Менің топшылауымша бал-«ай» деген ұғымды білдіретін секілді. Тағы бір мағынасы аюдың тамағы. Ал неге «Күзгі „“бал»"? Бал сөзінің қазақшасы жоқ па?

30 пікір

pari
«Бал айы» дегенде бар. Үйленген жас отбасының қыдыруы.Сонда не мағына «бал» деген??? Байқасаңыздар «Осенний бал» сөзінің осенний сөзі «күзгі» деп аударылған. Ал «бал» сөзі солай жазылып тұр.
Jako
«Бал айы»-деген кәдігімгі бал(мед), орысшасыМедовый месяць. «Осенниий бал» — деген мүлдем бөлек.Бұл жерде «Бал»-сөзі көңіл кеші дегенге келетін сияқты, сонда Күзгі көңіл кеші болатын шығар.
User
бальный платья дейтін бар ғо.Жако дұрыс айтады көңіл кеші деген дұрыс.

Айттым ғой көп оқы деп…
Madi
Күй бар ғой, Балбырауын деген ше? Сол Браунның балы (көңіл көтеру кеші) болған кезде шыққан күй екен ғой.Құрманғазы атамыз шығарған екен сол балдың құрметіне.
Madi
Этимология

Происходит от итал. ballo и фр. bal, далее от лат. ballare и др.-греч. βαλλίζειν «плясать».
Сілтемесі ru.wiktionary.org/wiki/бал
Madi
Итальян тіліндегі ballo және француз тіліндегі bal сөзінен шыққан, латын тіліндегі ballare және грек тіліндегі βαλλίζειν — билеу, тыпыршу, селкілдеу деген мағынаны береді депті орыстың вики сөздігі.
qyrmyzy
:( Айтабер деген соң айта беру қажет па? СЖда айтылды, СЖда қалсын! Сайттың деңгейін түсірмейікші а?!
pari
Мен мүлде басқа нәрсе сұрап отырмын, апа:)
Сұрақ-Жауапта «бал» сөзін сұрамаған. Менікі басқа уащщеее
qyrmyzy
Енді жетпегені бал сөзін шашып тастап, қайта құрастыру еді…
pari
Шашылып жатыр бал сөзі


б


а






л

Шашылып жатыр, қазір құрастырып беремін «бал» міне құрастырылды
qyrmyzy
Өйстіп отырған ұнай ма? Жүр онда осылай
Ademi
сомен?
Jako
Қазақта «сомен»-деген сөз жоқ,сонымен дегіңіз келген болар.
Ademi
Қадалған қолданушыдан қан шығармай қоймайды екенсіз ©
Jako
Не деген топазизм…
pari
Ademi
Кетшәй, әр жерге қыстырылмай!
Ademi
Міне күздің екінші айы Қазанда эстафета таяқшасын Қарашаға табыстар күнде жақын қалды.
емес
Міне күздің екінші айы Қазан да эстафета таяқшасын Қарашаға табыстар күнде жақын қалды.
Kan
«Бал» әрине араның балы. ал оны теңеу түрінде «бал» әрбир іс балдай тәтті өтсін дегенге саяды. Бұл қазақша мағнасы. Ал орысша Жако айтқандай «Бал» кешкі мерекелерді айтады. Сондықтанда Орыстың «Осенний балына» ұқсастырып «Күзгі бал» деген ұғым болмауы тиіс. Мағнасы сай келгенсоң қойылған болуы тиіс. Бұл менің ойым. Дұрыс, бұрысын өзіңіз шешесізғой.
Nursultan2002
Біз түк істеп жатқан жоқпыз!
pari
өйткені сенің жасың күзгі балға қатысуға әлі жетпейді!
User
Пари ау..қасқасың ғой жүрген мухахаахахаха
Бал — ұпай деген мағына береді. Күзгі ұпай деп аудаған дұрыс
User
Қумаш мляяя… Бал деп жазылмайды.

Күзгі балЛ деп жазылады.Пост ауторыда қасқа, сауаты жеткіліксіз… мухаха
Ademi
пост ауторы да, қасқа, сауатсыз
Соңғы өңделген уақыты:
Yeld
Күзгі би кеші дейміз біз мектепте «Осенний баЛ» қазақшасын, осы мерекедегі конкурстарды 1-ден 5-ке дейінгі баЛЛмен бағалаймыз.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.