Бір күнде үлгеруіңіз қажет:

Көңіл үшін _ . . . /
Cont…
1. Тамсануға. Мейлі, ұлудың қызық жаратылысына, мейлі, сәбидің қылығына… Тамсаныңыз.
2. Күлуге. 400-ге жуық бұлшық еттеріңізді қозғамасаңыз, күніңіздің босқа өткені.Күліңіз.
3. Жақсылық жасауға. Жолдан әжетайды өткізуді, не болмаса жүк көтерісуді дін ғана дәріптемейді.Жақсылық жасаңыз.
4. Жақындарыңызға көңіл бөлуге. Тірегіңіз де, тілекшіңіз де солар.
5.Адреналин сезінуге. Әркімде әрқалай, өз қозғалтқышыңызды іздеңіз.
6. Бір қадам жасауға. Мақсатыңыз үй болса, бір кірпішін қалаңыз.
7.Шынығуға. Денсаулық — зор, мол, орасан, аюдай, зіл, үлкен, ерен байлық. Шынығыңыз.
8. Оқуға. Кем дегенде 2 бет пайдалы мәтін оқыңыз.
9.Айналаңызға шаттық сыйлауға. Езулеріне күлкі сыйлаңыз, қуантыңыз. [Бумеранг]
10. Жаңалануға. Жаңа танысулар, жаңа орынға бару, жаңа ән тыңдау, жаңа пост жазу…

Қосарыңыз бар ма? x}}}

7 пікір

yesbolat83
Ата-анаңа кем деген бір рет жақсылық жасау (бір күнде).
Таңнан кешке дейін жасаған жақсылы-жаманды істеріңе есеп беру (өз өзіңе).
Jako
Бұлар әлі бала ғой, өсе келе өмір дегеннің құрып қойған жоспар емес екенін, өзіндік асау ағысы бар екенін түсінеді ғой. Сол сияқты бір рет жақсылық жасағысы келетін ата-анасы да өмірлік жолдас бола алмайтынын, таңнан кешке дейінгі істеген жұмысыңа есеп бермек түгілі, тамақ ішуге шамаң болмайтын кездер болатынын бұлар әлі қайдан білсін, ал енді қазіргі талпынысын қолдауға тұрарлық.
followme_alik
Басымыздан өтсе, түсінерміз, ағасы :) Әзірге, талпынып әлекпіз) Қалыңыз қалай?
saryqazaq
Адреналин сезіну қымбат тұрады
followme_alik
Сезінуге тұрарлық)
Madi
10. Жаңалануға. :)))) Қызбен бірге жаңа сезімдер сезінгім келіп жүүүүүүүүүүүр!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.