1 сәуір Күлкі күні
1 сәуір – бұл ресми емес, бірақ ерекше мереке: Халықаралық күлкі күні. Дәстүр бойынша бұл күні достар, жақын адамдар, әріптестермен және т.б. әзілдесуге болады деп қабылданған. Бұл әзілдер әдетте адам бүгін қай күн екенін ұмытқан жағдайда іске асады. Осы күннің әйгілі және ескі әзілдердің бірі – «Сіздің арқаңыз ақ па...».

1 сәуір – Күлкі күні. Бұл күнді тойлау Францияда бастау алған деседі. Ежелгі римдіктер де ақпанның он жетісінде «ақымақтар мерекесін» атап өткен. Шығыс Үндістанда наурыздың отыз бірінде «қалжыңдау салты» ежелден етек алған екен. Бірде таңертең Петербор тұрғындары әдетте өрт шыққанда ұрылатын қатты дабылдың даусынан оянады.
Әзілкештердің бұл әрекеті сәуірдің біріне тап келді. Сол кезден бастап, бұл ойын халық қолдауына ие болды. Әзіл қалжыңға бір иығын беріп тұратын қазақта да бұл күнге байланысты неше түрлі қызық әңгімелер бар. Ерте көктемнің ала құйын мінезін қалжыңмен жуып-шайғысы келген халық бұл күні жақындарын алдауға барын салады.
Деректерге жүгінер болсақ, күлкі күнін тойлау алғаш Франциядан бастау алған деседі. Ежелгі римдіктер «ақымақтар мерекесін»17 ақпанда атап өткен болса, наурыздың 31-інде «қалжыңдау салты» Шығыс Үндістанда ежелден етек алған екен. Ал Ресейдің Петербор қаласының тұрғындары бірде әдетте өрт шыққанда ұрылатын қатты дабылдан оянады. Әбігерге түскен халық өрт ошағын көре алмайды. Сөйтсе, бұл әзілкештердің ойыны екен. Бұл оқиға 1 сәуір күні орын алған. Сол кезден бастап бұл ойын халық қолдауына ие болып, күлкі күніне айналады. Күлкі күнінің аталуы мен ерекшелігіне келер болсақ, Франция, Англия, Америкада бұл – ақымақтар күні, Испанияда – дөкірлер, Үндістанда – тоқылдақ, Жапонияда – қуыршақтар, Шотландияда тепкі күні деп аталады екен. Бұл күні әркім таныстарының арқасына сездірмей «мені теп» деген жазу іледі де, оны сырттай күлкіге айналдырады. Бірақ атаулар әртүрлі болғанымен, бұл күн күлкі күні болып саналған соң, бұл күнгі қалжыңға ешкім ренжімейді. 1 сәуір ресми мереке емес. Бұл күні ешкім демалмайды, бір-біріне сыйлық ұсынып, мерекелік дастарқан жайылмайды. Тек ел бір-бірімен қалжыңдасып, көңіл көтеріп, күлкіге қарық болады. Әзіл-қалжыңға қашанда теріс қарамайтын қазақ халқы да бұл күнді ескерусіз қалдырмаған. Қыстың қыспағын, ерте көктемнің алай-дүлей мінезін қалжыңмен жуып-шайғысы келген халық бұл күні бір-бірінің көңілін қалжыңмен көтеруге тырысады.
Мәлімет жинақталып алынды

9 пікір
//тағы болад, идеяларды осында жазыңдар )))
1-сәуірде бірауді кездесуге шақырсан сенбейтін де шығарр иа...)