Күлдіргілер

Күле отырайық /
Сәлем құрметті айтаберліктер!Менің осы постқа күніне 1 рет болса да жазба қалдырмасам отыра алмайтынымды байқаған шығарсыздар
Ендеше күле отырыңыздар!(Байқап отсаңдар барлық әзілдердің астында ащы шындық жатады...)

Біреу кітап дүкенінде істейтін досынан жұмысының жағдайын сұрапты:
-Онша емес,-депті кітап сатушы.-Өйткені ақшасы барлар кітапқа қызықпайды, ал кітапқа қызығатындардың ақшасы жоқ!

-Биыл қыс неге қарсыз?
-Өткені әлемде дағдарыс орын алып тұр!

Асхана.Ішіп отырған тамағынан шыбын шыққан тұтынушы дереу даяшы мен аспазды шақырып алып, айқайға басады.
-Сонша бүлінгеніңіз не?-депті даяшы жайбарақат.-Әлдеқашан өліп қалған осы шыбын сіздің табақ толы тамағыңызды тауысып қояды деп қорқасыз ба?

Біреудің іші бүріп ауырып, емханаға келіпті.
-Не жеп едіңіз?-деп сұрайды дәрігер.
-Мана күйген нан жеп қойып едім.
Дәрігер дереу оны шалқасынан жатқызып, көзіне дәрі тамыза бастайды.
-Мұныңыз не?-деп ренжиді кісі.-Менің көзім емес,ішім ауырып тұр ғой!
-Не жеп жатқаныңызды көру үшін сендейлердің әуелі көзін емдеген дұрыс!-депті сонда дәрігер!

Сот айыпталушыдан сұрап жатыр:
-Сіз дүкенге ұрлыққа жалғыз түстіңіз бе,әлде жаныңызда тағы көмекшілеріңіз бар ма еді?
-Жалғыз өзім түстім, мырза.Бүгінде ешкімге сенуге болмайды ғой!

Темекіні бұрқыратып қойып әңгіме соғып отырған қызметкерлерін көрген мекеме басшысы:
-«Жұмыс істеп отырған кезде темекі шекпеңдер»деп қашанғы айтам сендерге!-деп ренжіпті.
Сонда қызметкерлердің бірі:
-Мұнда жұмыс істеп отқан кім бар?-депті.

Екі достың әңгімесі.
-Қарызымды қашан қайтарасың?
-Мен сенен қарыз алып па ем?
-Иә.
-Қашан?
-Өткенде мас болып отырғаныңда.
-Е-е… Есіме түсті.Айтпақшы, мен ол қарызды қайтарып бергем.
-Қашан?
-Сен мас болған кезде.

Біреу Қожанасырға келіп:
-Жүрегім ауырып жүр.Дәрігерге қаралсам, біреуі «теңіз суына шомыл»дейді, енді бірі «көп жаяу жүр» дейді.Әбден басым қатты.Қайткенім жөн?-деп ақыл сұрапты.
Сонда Қожекең:
-Бас қатыратын не бар мұнда? Теңізге жаяу бара сал!-депті.

-Сығандармен шахмат ойнауға болмайды екен.
-Неге?
-Атты ұрлап кете береді?

Біз осыдан он бес жыл бұрынғы жағдаймен салыстырғанда екі есе жақсы өмір сүре бастадық,-деп мәлімдеді үкімет басшысы.
-Сіздер үшін қуаныштымыз.Ал біз қашан жақсы өмір сүре бастаймыз?-деп сұрады халық.

Қала көшесіндегі ерсілі-қарсылы ағылған қалың машина кенет бір жерге ұйлығыса қалыпты.Топырлаған көлік,құжынаған жұрт, у-шу, не болғанын адам түсініп болмайды.Бір анығы,әйтеуір,әлдекім біреуді қағып кеткен.
Бір журналист өзінше әбжілдік танытып, оқиға орнынан тікелей репортаж бермек ниетпен:
-Өткізіп жіберіңіздерші, мен апаттан зардап шеккен жанның туысы едім!-деп көпшілікті киіп-жарып, кимелей бастайды.Жұрт ығысып, оған жол береді.Қараса,қағылған… есек екен)))))))))

6 пікір

dimash
РАхмЕТ)
Төртыншы әзіл қатты ұнады)) Тағы да жаза түс)))
qyrmyzy
хехе, шаршаған кезде мынадай қызықтарды оқыған керррремет екен ше! рахмет!
Korkem
муахахахах өштім))) рахмет саған, жаза түсші, жаза түс))
AKA
Күле алмадым…
alikona
хехе)))рахмет дейін ба?әлде не дейін? күлдіре алмағаныма кешірім өтінем дейін бе? м?
AKA
Өз еркіңізде, мен жазбадан алған өз көңіл-күйімді жеткіздім.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.