Анекдот оқып күле отырайық

Күле отырайық /
Ит пен Қасқыр
Боран азынап тұр. Ауылдың шеті. Ит үріп отыр. Жанына Қасқыр келіп:
-Достым, неге үресің?-деп сұрайды.
-Қасқырды қорқытып отырмын,-деп жауап береді Ит.
-Құйрығыңды қысып алғаның қалай?
-Өзім де сонан қорқып отырмын.
Ән
Екі пәтер арасын жұқа қабырға ғана бөліп тұрған көршілердің әңгімесі.
-Шырақ, өзіңдегі ән-күй табақтарыңды сатпайсың ба?
-Ағасы, талғамымыз бір жерден шықты ғой. Олар сізге де ұнады ма?
-Жоға… Бір түн құлағым тыныштала ма едім ғой.
Қомағайлық
Бір қомағай қонақта отырып тамақты өте көп ішіп жепті. Үйіне келген соң, мешкей күпті болып ауырып қалыпты. Көршісі келіп:
-Саған не боп қалды?-деп сұрайды.
-Қонаққа барған едім. Асты көбірек жеп жіберсем керек,-дейді. Сонда көршісі:
-Ас біреудікі болғанмен, қарын өзіңдікі екенін ойламадың ба?-депті.
«Қазақтың күлдіргі-сықақ әңгімелері»
Бал жүректі ауыртады
Бір сараң үйінде нанға бал жағып, жеп отырады. Үстіне бір танысы кіріп келеді.
Сараң нанды жасырып, балды жасырып үлгірмейді. Құр балды жей бермес деп ойлап, келген танысына:
-Бал жей отыр,-дейді.
Ол балды нансыз-ақ асап жей береді. Барлығын жеп қояды екен деп сараңның зәресі ұшып шыдай алмай:
-Балды көп жей берме, жүрегіңді ауыртады,-дейді.
Танысы сараңның ниетін түсініп:
-Сенің жүрегіңді ауыртпаса, менің жүрегімді ауыртпайды!-депті.
Жұмсағыш келіншек
Баяғыда біреудің келіні әрі жалқау, әрі әдепсіз екен. Өзі отырып, мынаны апарып қойшы, ананы алып келші деп, кез келген кісіні жұмсай береді.
Атасы келін мені де жұмсар ма екен, сынап көрейінші деп ойлайды. Бір күні келіні үйде тары қуырып отырғанда, сырттан жөтеліп, дыбыс беріп келе жатады.
Келіні сыртына айналып қарауға да ерініп:
-Әй, келе жатқан қайсың? Кім де болсаң, келі мен келсапты ала келші!-депті.
Атасы келінім бір ұялсын деп үйге келі, келсапты ала кіреді. Жұмсаған кісісі атасы екенін көргенде келіні шынында сасып қалады:
-Ойбай, бетім-ау! Атам екенсіз ғой! Орнына апарып қойыңыз, өзім барып алам,-депті.
Тіс дәрігерінің әзілдері-2
Екі үш күн бұрын ауырған тісіне шетелдік плом салдырған бір кісі сол тіс дәрігеріне келіп:
-Доқтыр, мақтаған пломбаңыз түсіп қалды. Онысы несі?-дейді.
Сонда дәрігер:
-Онда тұрған ештеңе жоқ, ондай-ондай біздің істе бола береді. Шамасы Сіздің тісіңіз шетелдік пломбаны ұнатпағаны ғой,-депті.
Тіс дәрігерінің әзілдері
Бірде тіс дәрігеріне бір егде кісі келеді:
-Келіңіз, мына жұмсақ орындыққа жайғасыңыз,-дейді дәрігер.
-Кешіріңіз, келесі жолы келсем бола ма?-дейді әлгі кісі кенет.
Дәрігер таң қалып:
-Онда несіне келдіңіз? Әлде төлейтін пұлыңызды ұмытып кеттіңіз бе?-дейді.
-Жоқ, жоқ доқтыр, пұлды емес, протезді ұмытып кетіппін үйде,-депті ол.
Бірде тышқанның баласы пілдің қызына ғашық болады.Содан бір күні тышқан пілдің қызына свиданияга барады. Есігін қақса, қызының анасы шығып, кіп-кішкентай боп тұрған тышқанды көреді. Тышқан:
— Қызыңыз қайда? -деп сурайды.
Анасы ол уйде жоқ депті.
Сонда тышқан:
— Онда қызыңызға ұзын бойлы қара жігіт келіп кетті дерсіз, деген екен.
ҚЫЗЫҚТЫ КҮЛЕКЕШТЕР!!!
Бирде мысык темеки тартып бара жатса. Сиыр" ужас, такая маленькая, еще курит."- десе,
Ал мысык сиырга карап, «Ужас, такая большая, и ливчик не носит.»- депти.

— Раввин (еврейдiн молдасы) озiмiздiн молдекендi ажуламак болады.
— Молдеке, тусiмде сiздердiн жумакты кордiм. Ол жагыныз лас, карангы екен гой…
— Мiне кызык, мен де тусiмде сiздiн жумакты кордiм. Ол жак тап-таза, бiрак бiрде бiр жан жок.

— Бір кыз aруақтардан жаман қорқады екен. Бір күні дискотекадан қайтып келе жатып түнде зираттардың ортасымен өтіп келе жатса, бір жігіт шығып: қарындас, ренжімесеңіз мен сізді өткізіп жіберейін депті. Қыз келісіпті. Жігіт зираттардан өткенше қызға неше түрлі анекдоттар айтып, күлдіріп, қорыққанын ұмыттырып жіберіпті. Өтіп болған соң қыз: рахмет сізге, сіз менің қорыққанымды ұмыттырдыңыз, өзіңіз бір комик кiсi екенсіз десе жігіт: ой, бұл ештеңе емес қой… МЕН ТiРi КЕЗiМДЕ ВООБЩЕ КОМИК БОЛҒАМ депті.
— Бір кемпір өмірі машинаға отырып көрмеген екен. Бірде қаладан келген немересі кемпірді қалаға автобуспен әкетеді. Автобустағылар кемпірдін аяғына қарап күліп отыр екен. Оны байкап қалган немересі кемпірден сурайды: — Апа, аяк кйiмiн кайда?
Сонда кемпір – «Осы үйге кірерде шешіп қойгам едім».
-----------------------------------------------------------------------------------------------------

6 пікір

dimash
Түк қызық емес!
AKA
Достарыңыздың арасындағы әзілдерді жазсаңыз да қуанар едім. Себебі, өз ойыңызбен жазасыздаЧы. Көшіріп қоя салғаннан жақсы…
ereke_enu
Қолымды қоя тұрайын)))
balgalym
қызықтары да бар екен, бірақ тым ұзақ постты ішкім оқығысы кемид :) сонда да +1
qyrmyzy
Көп әріп! © Әнек жазуды m170785 тен үйренсеңіз болады екен
MSHERIMBEK
Оқыдық. Күлмедік. :)))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.