Әзіл-Қалжың #1

Күле отырайық /
Жауабы жоқ сұрақтар:

— Мысықтарға арналған тышқанның дәмі бар тағам неге жоқ?
— Қыз-келіншектер қасы-көзін бояғанда неге ауыздарын ашып тұрады?
— Неге біз ақшамызды брокерге сеніп тапсырамыз? (broker – ағылшын тілінен аударғанда құртушы, тонаушы деген мағынаны білдіреді).
— Күнге қыздырына берсе неге тері қарайып, шаш ағарып кетеді?
— Көріпкелдер неге «Бингодан» ақша ұтпайды?


******

Алыстағы ауылға газеттен тілші келіп, шопаннан:
— Айтыңызшы, бір қой қанша жүн береді? — деп сұрайды.
— Қайсысы, ақ қой ма, әлде қара қой ма? — дейді шопан.
— Мысалы, қара қой?
— Ә-ә, қара қой 3 келі жүн береді.
— Ал ақ қой ше?
— Ол да 3 келі.
— Әр қойдан қанша сүт саууға болады?
— Қайсысынан, ағынан ба, әлде қарасынан ба?
— Ағынан, болсын?
— Ә-ә, ағынан 2 литр саууға болады?
— Ал, қарасынан ше?
— Одан да 2 литр.
— Әр қой тәулігінен қанша шөп жейді?
— Қайсысы, қарасы ма, әлде ағы ма?
— мысалыға, қарасы?
— 5 келі.
— Ал, ағы?
— Ағы да 5 келі.
— Егер сойса, әр қойдан қанша е шығады?
— Қайсысының, ағынан ба, әлде қарасынан ба?
— Тілшінің төзімі таусылып:
— Ал, айталық, ағынан? — деп айғайлайды.
— Е-е, ағынан ба? Одан 15-20 келі ет.
— Қарасынан ше?
— Одан да 15-20 келі…
Тілші қатты ашуланады:
— Сіз не басты қатырып отырсыз? Сонда ақ қой мен қара қойдың арасында қандай айырмашлық бар?
— Қара қойлар — менікі, дейді шопан жайбарақат.
— Ал, ақ қойлар ше? — деп тілші жынданып кетердей бақырады.
— Ақ қойлар да менікі...


■□■□■■□■□■■□■□■■□■□■■□■□■■□■□■■□■□■■□■□■■□■□■■□■□■■□■□■■□■□■■□■□■■□■□■■□■□■■□■□■■□■□■■□■□■■□■□■

Қалай-қалай сөйлейміз?

Көшеде:

— Привет!
— Қалайсың?
— Нормально! Жүрген сол.
— Не жаңалық бар?
— Да так, особенно ештеңе жоқ.
— Біз де ничего, пока бәрі жақсы.
— Балалар қалай?
— Үлкені школда, кішісі садикке барады.
— «Большие дети – большие проблемы» десеңші!
— Не говори! Біз де жақында дочамызды ВУЗ-ға түсірдік. Үлкен ұлымыз үйленген. Свадьбасының өзіне біраз шашылдық қой.
— Ладно, мен асығыс едім.
— Жарайды, звондап тұр.


******

Дүкенде:

— Не аласыз?
— Маған екі килограмнан огурцы, помидоры, зеленьнен кішкене өлшеңіз, еще бір пачка чай мен коробка конфет беріңіз.
— Хорошо!
— Активке мың единица бар ма?


Есеп айырысар кезде:

— Мелочь жоқ па?
— І-і…
— Садачаңызды алыңыз.


********

Қоғамдық көлікте:

— За проезд бере салыңыздар.
— Студенческий.
— Пенсионный.
— Проездной.
— Остановканы объявлять етпейсіз бе?
— Қазір Абая-Ауезова болады.
— Назад проходим, орын бос қой.
— Следующая Жарокова. Заранее дайындаламыз.


*******

Үйде:

— Пап, телевизорды өшіріп, видикті қосайықшы. Мультик көрейін деп едім.
— Тұра тұршы, ОРТ-да жақсы передача болып жатыр. Осыдан кейін новости басталады.
— Программада басқа не бар екен?
— Одан да сабағыңды оқы.
— Ертең суббота-воскресенье ғой…
— Мамаң не істеп жатыр?
— Кухняда обед істеп жатыр.


******

Тіліміздің тірі күйі

Жас пен жастың амандасуы


— Привет!
— Привет!


*****

Жігіттің ағасымен есендесуі

— Ассалаумағалейкүм, ағасы! Қалыңыз қалай, жақсы ма?!
— Ничего, пойдет!


******

Ақсақалмен амандасу

— Ассалаумағалейкүм, ақсақал! Күйлі-қуаттысыз ба?
— Хорошо и нормально!


******

Қазақ тілі маманының сөзі

— Апай, апай! Сыныптың суықтығынан қолымыз жазуға келер емес.
— Дұрыс айтасыңдар балалар. Действительно класс суық.


*******

■□■□■■□■□■■□■□■■□■□■■□■□■■□■□■■□■□■■□■□■■□■□■■□■□■■□■□■■□■□■■□■□■■□■□■■□■□■■□■□■■□■□■■□■□■■□■□■
Жыртық қалтаның жыры

(Қайрат Нұртастың орындауындағы

«Арман» әнінің әуенімен)



«Қалай күйдім сене,
Құлай күйдім сенен.
Жүрегімді ұстап,
Жылай күйдім сенен, сенен..»


Қайырмасы:

Заман, адастырмай мені қоя тұр,
Банк, құшағыңды маған жая тұр.
Теңге, сені сақтай алмадым,
Нарық, алдадың сен мені тағы да алдадың…

Естіген ел көптен,
Дағдарыс па жеткен?
Қайтару пайызбен,
Қиын еді неткен, неткен…

Ақша іздеп тынбай,
Мына өмірге сыймай.
Күлкіден айырған
Құрысын өмір мұндай, мұндай.....


********

3 пікір

pari
Айтаберліктер күле отырыңыздар:)))
zhurttyn_balasy
Дереккөз? Осындай «көшіріліп қойылған» әнектердің (жалпы кез келген жазбаның) сайт беделіне (іздеу боттарының рейтингіне) тигізер пайдасы нөль. Бірақ сіздің рейтингіңізге жағып жатса болар әйтеуір. Осы жерден «баллды нанға жағып жемеймін, қазақ сайттарының дамуына, сайт қолданушыларының көңілін көтеру үшін» деген стандартты ақталулар жазылып жатады кейде. Басқаша, өзгешесін естігім келеді
qyrmyzy
Көпәріп, сылишкам көп әріп…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.