Өтіріктің шегі
Даладан жүгіріп келіп үйге ентіге кірген бала:
— Әке, мылтығыңызды бере тұрыңызшы, жотаның арғы жағында біздін үйдің атындай бір қоян жүр!
— Біздің үйдің атындай қоян дейсін бе? Асырынқырап жіберген жоқсын ба?
— Аттай болмаса да тайдай бар.
— Тағы да шындыққа жақындата түссенші.
— Тайдай болмағанмен тайыншадай.
— Тағы да ықшамдай түс.
— Тайыншадай болмаса да қойдай.
— Тағы да…
— Мысықтай.
— Мысықтай дейсін бе, — деп ойлана бастаған тағы да артық көріп тұр екен деген баласы:
— Тышқандай, — депті.
— Енді..., — деп тым кішірейте бастағанын ескертпек болған әкесі үлкен деп тұр деп түсінген баласы:
— Шыбындай, — депті.
Айтып тұрғаның шылғи өтірік, — деп әкесі баласын үйден қуып шығыпты.

5 пікір