Басымнан өткен қызықты оқиға

Күле отырайық /
Сәлем, Айтаберліктер!

Бүгін «Басымнан өткен қызықты оқиға» атты пост жазбақшымын. Бұл пост «эстафета» түрінде болады. Яғни өзіңіздің өміріңіздегі ең қызықты да, күлкілі оқиғаңызбен бөлісесіз. Ескерту: Эстафета ұсынатын адамыңызға алдын-ала ескертуіңіз керек.
Сол оқиғаның:
-Басталуын
-Дамуын
-Шарықтау шегін
-Аяқталуын толықтай, әсерлі етіп жеткізуіңіз керек. Мүмкін сіздің басыңыздан бір емес бірнеше рет қызықты оқиға өткен шығар. Соның ішінен ең қызықтысын, ең әсерлісін, сіздің есіңізден кетпей, жадыңызды қалып қойғанын жазуыңыз керек.
Сонымен, өзімнің басымнан өткен, есімде қалып, әлі күнге дейін жадымнан кетпеген қызықты оқиғамды айтайын.

2011 жыл, желтоқсанның жиырма тоғызыншы жұлдызы еді. Тағы да, мектепте жаңа жылдық концерт. Менің негізі, мектептерде, түрлі шараларда ән айтатыным бар еді. Жаңа жылдық концертке де бін ән дайындағанмын. Әннің аты: «Жаңа жыл». Сомен не керек, сол әнді айтатын болып үйден сөзін жаттап, ақ тер көк тер болып өлеңнің сөзін жаттағандай болдым. Дивидиге караоке дискіні салып жіберіп, 2000 мың теңгеге сатып алған микрофонмен «Жаңа жыл» әнін айтып күнде дайындалатынмын. Анам маған ән айтып жатқанда, қатемді түзетіп, былай айтасың, мына жерін былай айтасың деп, білгенін айтып отыратын. Бір жағынан ән айтуға анамның қосқан үлесі зор. Анамның арқасында біраз жаттығып қалдым. Үйде айтқанда өлең сөзін ұмытпай, әнді нақышына келтіріп орындап жүретінмін. Үйде дайындалған бір бөлек, мектепте дайындалған бір бөлек. Сөйтіп, желтоқсанның жиырма тоғызы да болды. Концерт кешкі жетілер шамасында басталды. Мен жаңағы «Жаңа жыл» әнін айтатын болдым. Концерт басталды, таяқ жерге тасталды. Жоғарғы сыныптың екі жақсы жүргізеді деген оқушылары сықиып киініп, қолдарына қара папкаларын алып қақшиып концертті бастап жіберді. Менің бір әдетім, өлең айтатын сәтім таяған кезде жүрегім лүпілдеп, қатты қобалжитынмын. Сонымен жүргізушілердің бірі: -Кезекті әсем әнді қабыл алыңыздар. Ән: «Жаңа жыл». Орындайтын: Бәленшеұлы Бәленше,-деп хабарлады. Қара костюм киіп алып, қызыл галстукты қақшиытп, қолдарым дір-дір етіп сахнаға қарай бет алдым. Залда көрермендер толып тұр. Ине шаншырлық жер жоқ. Ән басталды. Ішімнен «О Құдайым, әнді өз деңгейінде орындап шығайыншы»,-деп бір айттым. Сомен бірінші куплетті айттым, әрі қарай қайырмасы кетті, ән жүріп жатыр. Ал қызық енді басталды. Ішімнен екінші курлетті айтайын десем, ойыма түспей қойды. Ал, қырсық шалды деген осы. Әннің екінші куплеті басталуға санаулы секундтар ғана қалды. Мен болсам, екінші куплетті ұмыттымда қалдым. Ішімнен «Енді қайттым, не істеймін?»,- деген ойлар маза бермеді. Әй жәрәйді, екінші куплетті айта алмасам ұят болар,- дедімді ақындыққа бастым. Куплет басталды, мен ойдан жаңа жыл туралы сөздерді ұйқассыз аңыратып жатырм. Сондағы айтқан төрт жолым әлі есімде. «Жаңа жыл, жаңа жыл келді, Жаңа күн, жаңа күн келді, Құтты болсын, Жаңа жыл,құтты болсын, Ортаға шық билеңдер, кәне достар» ,- ал керек болса, дым ұйқассыз, қара сөзді өлеңнің әуеніне әрең деп келтіріп, қара терге түсіп, куплет біткенде «уффф» дедім. Мәз-мейрам көрермен, менің куплетті ұмытып, ойдан айтып жібергенімді де, байқамай қалды. Өйткені, көрерменнің өлең сөзіне қарайтын шамалары жоқ, барлығы мәз-мейрам болып отыр. Сөйтіп, өмірімде, ойдан төрт куплет өлең шығарып жібергенім бар. Өлеңде аяқталды. Барлығы қол шапалақтап жатыр. Басымды идімде сахнадан кетіп қалдым. Үйге келіп ата-аналарыма айтып едім, бәрінің тарқылдап күлмесі бар ма. Сөйтіп, жаңа жылды да өткіздік. Бұл оқиға ойымнан әлі күнге дейін кетер емес.



Келесі эстафета таяқшасын mairosh — қа ұсындым.

Пы\Сы: Неге ұмыттым деп кейін ойландым. Бәлкім қобалжу. Бәлкім қуаныштан. Бәлкім кездейсоқтық. Бәлкім көрерменнің көптігінен.

23 пікір

Korean_Boy_5113
Жақсы жазба екен.Мен де бірдеңнің алдында қобалжып қаламын.Осыған дейін концерттер мен ойындарды жүргізсем де,әрқашан қобалжимын.
Ал, Майрош.Іске Сәт! Сенен қызықты оқиға күтеміз…
Korean_Boy_5113
Ық, ық.Сол кезде 2000 тг микрафон сатып алғанда, сотка алғандай қуанушы едік.Қайреееенннн жастыққққ…
qyrmyzy
ық ық, қатырыпсың! Өтірік ұйқастырмағаныңда ұят болатын еді, өзі пысық жігіт екенсің:) Жеңістің жүз әкесі бар, жеңілсең — жетімсің ©! Осылай өз туындыңды ілсең болады ғой, Копипастер:) Майрош, сенен әдемі пост күтеміз. Менде ондай оқиға жоқ-ау деймін....
khairbek
кім атын кім еді сенің? ана екіңші көшедегі Құттығұл баласысынба? бір сұрағым бар дим да? Көрермендерге ине шаншып не керек? Неткен қатыгез жан дим да))))))))))))))))) сосын 2000 тенгеге сатып алған микрәпонын құтты болсын))))))
AKA
Сен бала өзі…
AKA
Қызық, шешімін лезде тауыпсың. Қобалжудан болар, көпшілік алдына шыққанда бәрінде болады деп ойлаймын.
Qarabala_95
2011 жыл, желтоқсанның жиырма тоғызыншы жұлдызы еді.

Тап бір күнделік жазатын адам сиақтысызғо иа?
Qarabala_95
<code>Неге ұмыттым деп кейін ойландым. Бәлкім қобалжу. Бәлкім қуаныштан. Бәлкім кездейсоқтық. Бәлкім көрерменнің көптігінен.</code>
4-інші нұсқағой!
Qarabala_95
Үйде айтқанда өлең сөзін ұмытпай, әнді нақышына келтіріп орындап жүретінмін.

Ары қарай не екені белгілі.Керемет оқиға екен.
Ais_97
Сағыныш басыңнан өткен оқиға қызықты болыпты! Рахмет күлдіргеніңе
mairosh
ық ))))) қызық менікі қызық емес. Жалпы қызық болсада қызық қылып айталмайм да жаза аламйм да((( Бірақ сондада жазайын енді уаде беріп қойдым)))
Zhanat
Жаңа эстафета бастағаныңа жол болсын, кішкене болсын идеяны ұрлағанда ұяла білу керек қой немесе өзіңнің идеяңды қосуың керек қой.
pari
кішкене болсын идеяны ұрлағанда ұяла білу керек
Айтабер сайтында эстафета деген сіз келмес бұрын бастау алған!
Zhanat
эстафетада емес әңгіме, басқа сайтағы эстафетаны бастаудың қажеті жоқ. екі жақтың да қолданушылары бір
pari
тоқтаңыз, тоқтаңыз, Қай сайттағы? түк түсібедім?
Zhanat
аман болшы бауырым
Zhanat
pari
мынаны енді көріп отырмын. Өз ойыма келіп жазғанмын мына постты
zhurttyn_balasy
дажы мен сеніп қала жаздадым шЕ (:
жұрттың баласының білмейтіні жоқ еді епто:)
ereke_enu
Басым ауырып тұр ау шамасы, оқи алмадым
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.