Қазақтар майл агент туралы(өлең шумағы)

Күле отырайық /

Бұл агенттің қызығы
Бiр-бiрiнен көшіру
Данышпан боп көсілу
Бiр-бiрiмен ұрысу

Бiр-бiрiне өшiгу
Салем, привет, каксын деп
Бiр-бiрiне мің айту…
Сосын нестеватсын деп

Жұбату мен мұңайту
Бiрiн-бiрi қабылдау
Бiрiн-бiрi өшiру!
Ең ғажайып қызығы

Бiр-бiрiмен танысу
Кезек-кезек жазысу
Потом барып табысу
Кездесумен жабысу

Ең сорақы қызығы
Жiгiттердiң барлығы
Бiрiн-бiрi көре алмау
Өздерiне сене алмау

Ал қыздардыңқылығы
Жiгiтiм жоқ деп алдау
Барлығының қызығы
Журек сырын жеткiзу

Жан шуағын төккiзу
Бақыттарын iздемей
Уақыттарын өткiзу!
Бiр-бiрiне мақтану

Кеуде керiп марқаю…
Өздерiнше жасару
Жауап күтiп қартаю
Жұмсақ кейде тас болу

Дос болу мен қас болу
Маржан сөзге аш болу
Арзан сөзге мас болу
Журек қоя отырып

Жарын іздеу өтiрiк
Ұзын сөздiң үзiгi
Сұлу сөздiң жүзiгi
Кұр алақан отырмау
Бұл агенттiң қызығы

(инеттен алынған)

8 пікір

AiEcPi
Өлеңің қызық екен, авторы кім екенін білсек болама?!!!
mairosh
өкінішке орай авторы жоқ. инеттен алынған бірақ ))(
Turekhan
Бір жүйе ма, ұйқас па, бір нәрсе бар ма бұда?!
calendula
Шумақ етіп бөліп қойғаныны айтсаңшы, мағынасына қарамай жатып!
korwinin_kyzy
осы себеппен мен АҒЕНТТЫ КЕТЫРЫП ТАСТАДЫМ
mairosh
дәә?
korwinin_kyzy
я солай я солай қазақ елі осындай
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.