КҮЛКІНІҢ ПАЙДАСЫ

Күле отырайық /
Шынында күлкі дәрумен. Жаның жадырап, жаның кіріп қалады. Бұл өмірде күліп жүргенге не жетсін! Мысалы, мына суреттегі қарындастар сыңғырлаған бұлақтай, әдемі күледі екен. Тойда көрдім. Бірақ әркім әр қалай күледі. Мәселен: Сыпайы күлу, сыңғырлаған бұлақтай күлу, Дарақылана күлу, жабайы күлкі, тырқылдаап күлу, ыңқылдап күлу, айқайлап күлу, көзден жас аққанша күлу, бет ауызды басып күлу, жыбырлап күлу, сыбырлап күлу, шикылдап күлу, миықтан ғана күлу, мырс ете қалу, шалқадан түсіп күлу, етпетінен жата қалып күлу, қашып бара жатып күлу, тілін шығарып күлу, буынғандай қақалып күлу, бірдеңе жегендей, шашалып күлу, оқта текте ғана тырқ-тырқ күліп, сосын тым-тырыс қалып, қайтадан тырқылдап күлу, бетіңіз бүлк етпей, мүлде күлмеу… Кешіріңіз, достым, сіз қалай күлесіз? Өтірік айтпай, шынайы жазсаңыз, фейсбукте арнайы марапаттаймыз.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.