LG компаниясының негізгі өнімдері CARBONFREE® сертификатымен марапатталды

LG Electronics Kazakhstan /
LG компаниясының негізгі өнімдері CARBONFREE® сертификатымен марапатталды

Сертификат компанияның қоршаған ортаға немқұрайлы қарамайтындығының дәлелі болып табылады

Тұрмыстық техника мен тұтынушылар электроникасын өндірген кезде көмірсутектерді аз шығаратын LG компаниясының 6 өнімін CarbonFree® сертификатымен марапаттады. Қарқынды жұмыс істеуінің арқасында LG компаниясы қоршаған ортаға зиян келтірмейтін компанияларды бағалайтын, әрі алдыңғы қатарда келе жатқан Carbonfund.org ұйымның Foundation CarbonFree® сертификатын иеленді.

CarbonFree® сертификатымен марапатталған өнімдер: Optimus G смартфоны, OLED-экранды теледидар, кір жуғыш машина, тоңазытқыш пен шаң сорғыш машина және монитор. Өнімдерді сертификаттау кезінде өнімнің өндірілгенінен бастап, жеткізілуі мен пайдалану өмірлік циклы жан-жақты қарастырылды.

«Қоршаған ортаның ластануынан сақтайтын компания болғандықтан, нарыққа тек энергетикалық тиімді өнімдерді өндіріп шығаруға міндеттіміз. Айта кетерім бұл «спринт» емес «марафон», сондықтан алдымызда ұзақ жол күтіп тұр. Бақытымызға орай біз басын жақсы бастадық»-деп LG компаниясының техника бас директоры д-р Скотт Ан (Dr. Skott Ahn) айтты.

# # #
LG Electronics компаниясы жайлы
LG Electronics-әлемдегі ең үздік компания, әрі нарықтағы тұтынушылар электроникасын, мобильдік байланыс пен тұрмыстық техника мен инновациялық технологияларды құрастырушысы. 2011 жылы әлем бойынша 117 офис болып, LG компаниясының ғаламдық сатылым көлемі 49 млрд. АҚШ долларын құрды (Корей елінің 54,26 трлн. воны). LG компаниясы Home Entertainment, Mobile Communications, Home Appliance және Air Conditioning & Energy Solution деген 4 бөлімшеден тұрып, жайпақ панельді теледидарлар, мобильді құралдар, кондиционерлер, кір жуғыш машиналар мен тоңазытқыштарды шығаруда әлемдегі ең үздік компания болып табылады. LG Electronics компаниясы 2012 ENERGY STAR ® -дың Жылдық Серіптестігі. LG Electronics компаниясы жайлы көбірек жаңалықтар мен мағлұматтармен танысқыңыз келсе www.LG.kz сайтын қарап шығуыңызды өтінеміз.

3 пікір

followme_alik
Төрт қабырғамнан қоныс тапқан алдыңғы қатарлы LG компаниясының өнімдері қуантпай қайтсін?!.. Кір жуғыш машинасын қолданғалы 5 жылдың көлемі. Әлі де бір жөндеуден өткен жоқ. Таза, Артық дыбыссыз өз қызметін орындауда. Теледидарын айтсай!!!_ Миыңды шайнап біткен түрік сериалдарын NANO FULL LED кескінді ТВ-імен сүйіп көресің-ақ.Инновация деп осыны айт.Смартфондары ше?_мен күткеннен де функционалды болып шықты. Қолымнан тастамаймын.ЭлДжим аман болсын!.. Барлықтарыңызға қолдануға кеңес беремін!!! Қолжетімді бағамен)_Компания отбасымның техникалық қажеттіліктерін толықтай қанағаттандырды десе де болады, ризамын. _… пиар ақылы ;)
Abylai

ептісін ай мынаның!
korwinin_kyzy
Паллау ми Алик ЭЛДЖИга компаниясына жумыска резюме тапсыр сени жумыска сразу алат ойлан бастан)))))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.