15 миллион тұтынушылар LG компаниясының Optimus L серия смартфондарын қалады

LG Electronics Kazakhstan /
Смартфондардың жаңа сериясы Optimus L II өз сәттілігін жалғастыруда
2013 жылы 14-ақпанда Сеул қаласында LG Electronics компаниясы ұсынған Optimus L смартфондар сериясы соңғы екі айда секунд сайын сатылды, нәтижесінде әйгілі смартфондар сатылымы 15 миллионға жетті. Өткен жылы Mobile World Congress (MWC) жәрмеңкесіндегі смартфондар көрсетілімінен кейін, Optimus L смартфондар сериясы ерекше дизайнымен үйлескен смартфондарды қалайтын әлемдегі барлық адамдар үшін бірінші орында. Барлығын ескере келіп LG компаниясы өзіндік стилі бар, жаңартылған дизайнымен, кеңейтілген мүмкіндіктерімен ерекшеленетін жаңа смартфондарды Mobile World Congress 2013 жәрмеңкесінде ұсынады.
Optimus L II сериясы бұрын өндірілген LG смартфондарына ұқсас болып келеді, сонымен қатар бірегей ерекшелігі бар Optimus L3II, Optimus L5II және Optimus L7II смартфондарын ұсынады. Смартфондар жиегінің жіңішкелігімен, әрі функциональді көмескі жарық пернелерімен ерекшеленеді.
“Нарықта үйлесімділіктің бар екендігінің дәлелі, әрі пайдаланушылар көңілінен шығатын смартфондар сериясы Optimus L. Optimus L II жаңа сериясы дизайнының өзіндік ерекшелігі бар, сондықтан бұл смартфон да бестселлер(өтімділігі жоғары смартфон) болатынына сенімдіміз” деп LG Electronics Mobile Communications компаниясының бас директоры, әрі президенті д-р Чен-Сок Парк айтты.
Осы айдың соңында Mobile World Congress жәрмеңкесінде Optimus L II сериясының жаңа смартфондары көрсетілімге шығарылады. MWC жәрмеңкесіне келушілер № 3 залда LG стендінде орналасқан жаңа моделдерді тестілеуден өткізіп, тамашалай алады.

7 пікір

STR
Жарты ставкаға жұмыс жасайтын сЫтудент бейшара тәржімалаған ба?
Кешіріңіз, қай жері ұнамады? ))пікір қалдырып, сын айтқаныңызға рахмет. Ендігіде жақсырақ жазуға бар күшімді салармын
AKA
Оптимистік жауап, ризамын. :)
qyrmyzy
смартфонға шолу жасасаңыз болатын еді…
жақсы келесіде жазармын, ұсынысыңызға рахмет
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.