Назарбаевтың алғысы!

ЛОНДОН 2012 /
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық спортшы Зүлфия Чиншанлоға ХХХ Олимпиялық ойындарда жеңіске жетуімен және жаңа әлем рекордын жасауымен құттықтаған жеделхат жолдады.




— Сені ХХХ Олимпиялық ойындардың ауыр атлетика сынындағы сенімді жеңісіңмен және алтын медаліңмен құттықтаймын!
Сен әр спортшының өміріндегі ең маңызды марапатты жеңіп қана алған жоқсың, сонымен қатар, әлемнің үздік спортшыларын артқа тастап, әлем рекордын жасадың!

Сенің табандылығыңның, еңбекқорлығыңның және спорттық құмарлығыңның арқасында Қазақстан қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты. Сен әлемге тағы бір рет өзіңнің мүлтіксіз шеберлігің мен жеңіске деген жігеріңді паш еттің. Қазақстан сені мақтан етеді.

Саған табыстар және алда үлкен жеңістер тілеймін. Сенің үлкен жеңістеріңнің әлі де көп болатынына сенімдімін, – делінген жеделхатта.
Пост мына жерден алынған

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.