Иван Дычко-қазақстанның 4-ші қола иесі

ЛОНДОН 2012 /
Қазақстан құрамасының 91 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі боксшысы Иван Дычко ХХХ жазғы Олимпиада ойындары бокс турнирінің ширек финалында Ұлыбритания спортшысы Энтони Джошуаға 13:11 есебімен есе жіберіп, 4-ші қола медальді ел қоржынына салды.

Бірінші және екінші раунд бойынша тең түскен қарсыластар, екі кезеңді де 4:4 есебімен қорытындылады, үшінші жекпе-жек есебі: 3:5, Энтонидің пайдасына. Жекпе-жек үш раундтың қорытынды есебі: 13:11 көрсеткішімен аяқталды.

Сонымен, Иван Дычко ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.

Жарайсың Иван Дычко! Алға Қазақстан!

2 пікір

Kan
Мұрны қанап қалды Иванымыздың сонда да жарайсың олимпиадан қола алуда екінің біріне бұйыры бермейтін байлық. Сүйіншіңе бетіңнен сүйдім. Ел қуанышы ел тыныштығының тұғыры болсын
AKA
Құтты болсын, барын салды енді…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.