Әділбек Ниязымбеков Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
81 келіге дейінгі салмақ санатында күш сынасқан боксшы финалда ресейлік спортшы Егор Мехонцевпен қолғап түйістірген болатын. Бірінші раундта 4:3 есебімен басым түскен Әділбек, екінші кезеңде қарсыласына ұпай жіберіп алды. Есеп 4:5. Егордың пайдасына. Үшінші раунд есебі 7:7
Үш кезеңнің жалпы көрсеткіші бойынша 15:15 есебімен тең түскен спортшыларға төрелік еткен әділқазылар бас жүлдені ресейлік боксшы Егор Мехонцевке берді. Әділбек Ниязымбетов Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды.
P/S: Сонымен, еліміздің қоржынында 7 алтын, 1 күміс, 5 қола медаль. Жалпы жүлде қорында 13 медалі бар Қазақстан 12-ші орында.
1 пікір