Лондон-2012: ХХХ Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты
27 шілде мен 12 тамыз күндері аралығында Лондонда өткен ХХХ жазғы Олимпиада ойындары еліміз үшін жетістіктерге толы болды. Ел үмітін арқалаған спортшыларымыз толағай табыстарға жетіп, ел мерейін үстем етті. Қазақ елін бүкіл әлемге танытты.
Лондон Олимпиадасының алғашқы жарыс күні еліміз үшін алтынмен басталды. Велоспорттан 250 шақырымдық қашықтықта Александр Винокуров топ жарып, Олимпиада чемпионы атанды. Екінші жарыс күні ауыр атлет Зүлфия Чиншанло әлем және олимпиада рекордын жаңартты. Қазақстан спортшыларының қоржынына екінші алтын медаль түсті. Ал, жарыстың төртінші күні Қазақстан қоржынына 3-ші алтын медаль түсті. Оны тағы да ауыр атлеттеріміз алды. Олимпиада чемпионы атанған Зүлфия Чиншанлоның жеңісті жолын Майя Манеза жалғастырды. Тек алтын медаль үшін күресуге уәде берген қазақстандық спортшы Светлана Подобедова сөзінде тұрып, Қазақстан қоржынына төртінші алтын медаль салды. Лондон Олимпиадасында ең үздік нәтижеге қол жеткізген ол, 291 келіні бағындырып, олимпиадалық рекорд орнатты. Сыр елінің серкесі Илья 94 келіге дейінгі салмақ санатында 418 келіні бағындырып, әлемдік және олимпиадалық рекорд орнатты. Осылайша, Қазақстан қоржынына 5-ші алтын медаль салынды. Жұлқа көтеруде 185 келіні бағындырған Илья, серпе көтеруде 233 келіні бағындырып, жаңа әлемдік рекорд орнатты. Екі жаттығудың жалпы көрсеткіші 418 келі. Осылайша, Қазақ елінің спортшысы әлемдік рекордты жаңалады. Қазақстандық спортшы Ольга Рыпакова үштеп секіруден 14,98 метрге секіріп, үздік нәтижеге қол жеткізді. Олимпиада чемпионы атанған Ольга еліміздің қоржынын тағы да бір алтын медальмен толықтырды.
Алтыннан өрілген жолды қола медальдар жалғастырды. 84 келіге дейінгі салмақта белдескен палуанымыз Даниал Гаджиев Олимпиада ойындарының 10-шы күні қола жүлдеге иелік етті. Ал, 8 тамыз күні боксшы қызымыз Марина Вольнова Лондон Олимпиадасының екінші қола медалін қоржынымызға салды. Сондай-ақ, балуан қыздарымыз да дәстүрден жаңылған жоқ. Осыдан 4 жыл бұрын Бейжің Олимпиадасында Елена Шалыгина Қазақстан қоржынына қола медаль салса, сол биіктен Лондонда Гүзел Манюрова көрінді. Қарсыласының осал тұсын тапқан Гүзел мүмкіндікті мүлт жіберген жоқ. Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Қазақстан құрамасының 91 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі боксшысы Иван Дычко ХХХ жазғы Олимпиада ойындары бокс турнирінің ширек финалында Ұлыбритания спортшысы Энтони Джошуаға 13:11 есебімен есе жіберіп, 4-ші қола медальді ел қоржынына салды. Ал, Лондон Олимпиадасының соңғы күні боз кілемге көтерілген еркін күрес шеберіміз Ақжүрек Таңатаров қола медаль үшін белдесуде түрік палуаны Рамазан Сахинмен күресіп, жеңімпаз атанды.
Сондай-ақ, соңғы олимпиадалық күні 81 келіге дейінгі салмақ санатында күш сынасқан боксшы Әділбек Ниязымбетов финалда ресейлік спортшы Егор Мехонцевпен қолғап түйістірді. Нәтижесінде, Әділбек Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері атанып, ел қоржынындағы бірінші күміс медальді еншіледі.
69 келіге дейінгі салмақ санатында ұлыбританиялық боксшы Фредди Эванспен жұдырықтасқан қазақстандық Серік Сәпиев қарсыласын ойсырата жеңіп, 7-ші алтын медальмен Олимпиада ойындарының соңғы күнін әдемі қорытындылады.
P/S: Сонымен, еліміздің қоржынында 7 алтын, 1 күміс, 5 қола медаль. Жалпы жүлде қорында 13 медалі бар Қазақстан 12-ші орынды иеленді.Жалпы айтқанда Қазақстандықтардың ХХХ Лондон Олимпиадасында мерейі үстем болды.Келесі XXXI Лондон Олимпиадасында жүздескенше Айтаберліктер!Осы жерден алынды.

1 пікір