Елбасы Серік Сәпиевті Олимпиада алтынымен құттықтады

ЛОНДОН 2012 /
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Олимпиялық ойындардағы жеңісіне орай қазақстандық спортшы Серік Сәпиевке құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Лондондағы ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында бокстан алтын медальға ие болуың құтты болсын! Жеңісің арқылы сен отандастарыңа зор қуаныш сыйлап, елімізге деген ерекше мақтаныш сезімін туғыздың. Мұндай тамаша жеңістер спорт шыңдарының күн сайынғы қажырлы әрі жанкешті еңбекпен ғана игерілетінін жас қазақстандықтарға сөзбен емес, іспен дәлелдеудің жақсы үлгісі болып табылады. Мықты денсаулық пен бақыт, әрбір ісіңе сәттіліктер тілеймін» делінген жеделхатта.

12 пікір

AKA
Иә, бірақ әрқайсысың бір жазба жаза бермей, біріктіріп жазсаңдар жақсы болар еді… Құттықтаймыз!
AKA
Мен оны меңземедім, Серік Сәпиев туралы бүгін бірнеше жазба шықты, сол жерде бәрін бірге жазса болар еді дегенім.
AKA
«Есім барда, елімді табайын», қатты шаршап отырғаным, сайтқа да әсер етті-ау. Шо та, «барып ұйықта» дегендей, бүгін жазулар оқылмай тұр. Ертеңгісін оқисың деген болар, кеттім.
User
Алтынымен деген неге тырнақшаға алынған.Келеке ету мақсатында ма.Сосын ақпараттың қай жерінде жазылғанын айтсаңдарш.
ABYLAI0KHAN
«алтынымен» ДЕП ТЫРНАКШАГА НЕГЕ АЛГАНСЫН
Ais_97
жай
khairbek
АСТАНА. 12 тамыз.ҚазАқпарат — Бүгін Лондон Олимпиадасында боз кілемге көтерілген еркін күрес шеберіміз Ақжүрек Таңатаров жартылай финалда үндістандық Сушил Кумарға есе жіберді.
Бірінші кезеңде Ақжүрек есе жібергенімен, екінші кезеңде терезе басын теңестірген еді. Дегенмен, үшінші кезеңнің жан беріп, жан алысқан белдесуінде үндістандық палуан Ақжүректің құлағын тістеп қан жоса қылды. Белдесіп жатып-ақ біздің палуан осы жайтты сездіріп, ымдағанымен төреші еш назар аудармады. Осылайша біздің спортшы есе жіберді. Бірақ, айта кетерлігі, Ақжүрек лас белдесудің құрбаны болды.
Бірақ маған бәрі минус қойды
Ais_97
Сен олай жазбап едіңғой.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.