Ғашық болғым келіп жүр...

Таусылмайтын махаббат /
Соңғы екі ғашық болғаным сәтсіз аяқталған сон, ғашық болуға зауқым соқпай қалып еді… Алайда, кез келген жұмысты, жұмысы нес, оқуды да көңілді оқу үшін адам ғашық болу керек сияқты. Ой, керемет сезім ғой ғашық болу деген! Күнде айнаның алдында олай тұрып, былай тұрып… Кездесер кезді айтсайш, ойларындағы сөздерді жинастырып… Жалпы адам құлпырып шыға келеді ғашық болса, оның үстіне қазір КӨКТЕМ ғой! Әсіресе, сол ғашық болған адамға ұнау үшін ойластырылған «План Б»… Ғашық болған адамның күндері қызық өтеді!. Шіркін…

Ғашық болғым келеді...

Ғашық болғым келеді мен бір жанға,
Ғашық болған адамда арман бар ма?!
Шіркін-ай, қайта келші сол бір күндер,
Күлімсіреп қараушы ем әрбір таңға…

Армандарым соншалықты көптен көп пе?
Ғашық етші мені тек бір өзіңе.
Ғашық етші ойламастай өзге жанды,
Ойлау тұрмақ, көрмес жанды сенен өзге.

Махаббат ғай адамдарды өзгертетін,
Мұңайып жүрген жанды хош ететін.
Таң атумен күні батып жүрсе дағы,
Сол сезім ғой тыныштықты бүлдіретін!

Кеше түнгі дала керемет болып тұрды, Жұлдыздар қаптап, ай да ерекше жарқырып тұрғандай…
Сол кезде қиялға берілген Димаштың шығарған екі шумақ өлені Қиялдағанды жақсы көремін, сол қиялдаған сәтте ойыма түрлі жоспар, идеялар келеді. Және осы сайтта жазылған қызықты посттар жайлы ойлаймын, бәтшағарлар-ай, небір ойшыл адамдар қазір де бар екен-ау…

Айға

Сен де жалғыз қарап тұрсын аспанымда,
Адал доссың, сыр шығармас сырласым да.
Айталмайтын ойларымды ешбір жанға,
Мұнайғанда болсан деймін сен жанымда…

Табылғандай ұқсастығым сенімен,
Жылына бір теңеледі Айда Күнмен.
Сол секілді сирек көрем өзіңді,
Көрсем деймін күнде күнде түсімнен…

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

13 пікір

qyrmyzy
ық ық, толығырақ жазбадың ба басын?? Ал, мінезі керемет жан жолықсын!
dimash
рахмет, айтқаныңыз келсін!
Енді ұмыттым ба деп жүргенде қайта бастағым келмеді...
Korkem
Алдыңғы өлеңдеріңдей емес екен. Ол өлеңдей болу үшін шыныменен саған ғашық болу керек сияқты)))
Moldir_96
Ой, керемет сезім ғой, ғашық болу деген!
Оны бізге түсіну қайда?! Шын ғашық болған жандар ғана түсінер)

Ғашық болғыңыз келіп жүр екен, ғашығыңыз алдындағыдай жүрегіңізді жараламасыншы деп тілейін)

Арманыңыздағы аруды жолықтырыңыз, Димеке!
dimash
)) Жараласада мейлі, тек ғашық болсам екен…
Рахмет, Мөп-Мөлдір)))
Moldir_96
Ааа, онда ниетіңізге жетіңіз! Оқасы жоқ, Дип-Димаш!
Manas
Туууууу,өлеңің тамаша екен! ақын екенсінғо!
dimash

қатемді жөндедім)
qazaquly
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Басыңды ие салатын кісісің ғой, Мақпал Жүнісова құсап)))
Ais_97
Ақын екенсің Димаш, тамаша маған ұнады! Ақындық өнер де бір еңбекқой,өлең жазу-өнер, ақын болу-ол да өнер, сондықтанда сол өнеріңнен тайма, еңбегіне +1 қойдым!
dimash
Рахмеееет бағалағаныңы, Айсара)
Ais_97
Димаш оқасы жоқ, жауабым ұнаса сен де +1 берсең жақсы болар еді!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.