Айыбым не?

Таусылмайтын махаббат /
Сен алыстасың, ғарыштасың мен үшін
Есімің, жаным, жүрегімдегі бір мүсін.
Алғаш көргенде, ғашық болған да түсіндім,
Махаббат деген ұлы сезімнің мен күшін.

Қозы-Баян, Ләйлі-Мәжнүн татқан дәмін,
Махаббатың сынағын, азабын, ащы зарын.
Төлеген мен Қыз Жібек аңыз болып жаттылып,
Ұқтырғандай ғашықтықтың шексіз мәнін.

Айтыңдаршы, халқым менің айыбым не,
Жүрегіме бағынып сүйгенім бе?!
Бар қиындық, ұятты ойлап іштен тынып,
Қыз болған соңжасырып жүрегімде.

Сеземісің, сені сүю үшін күресемін,
Махаббатың жырынан жіп есемін.
Алаулаған от сезім, қуат алып,
Жасқанбаймын, таумен де тіресіемін.

Тасиды кейде, тасиды көңіл теңіздей,
Жылулық іздеп, жүректен шыққан лебіздей.
Бақыттың шіркін шыңына шыққан сәттерде,
Жан дүнием, жаным, өзіңмен ғана егіздей.

Сүйе алар кім, сүйе алар ма дәл мендей,
Жеткізе алмайды, айтқанмен тіл көркемдей.
Маң даланың сүп-сүйкімді пендесі,
Бар ма екен, тәтті менің еркемдей.

Жүргенмен ғашықтықтың жетегінде,
Сырымды жеткізе алмай кетемін бе?!
Жасықпын ба, білмеймін, айта алмаймын,
Сездіруге нәртәуекел етемінде…

Біздерді алыстатты тағдыр кезең,
Қолым саған жетпейді оны сезем.
Сүйгеніммен жолығар бір сәт болса,
Сұрамас ем бөгде ештеңе өмір-өзен.

Бақ сәтімді жіберіп алғандаймын,
Сүйгеніме жете алмаған сор маңдаймын.
Елігін іздеп егілген қу далада-ай,
Меңірейіп жалғыз өзім қалғандаймын…

Қойын дәптерімнен алынды, авторы белгісіз...

8 пікір

Qarakerey
Айтыңдаршы, халқым менің айыбым не,
Жүрегіме бағынып сүйгенім бе?!
рахаттан отырып кеңкілдеуге рұқсат берші, қарғам: кеңк-кеңк:)))
Korkem
Рұқсат сұрамай-ақ, сонымен қатар білдіртпей-ақ тырқылдай берсеңізде ренішім жоқ....))
dimash
мұңлы екен… өзім де депресняк болуға сәл отыр едім…

эххх осыны менің ойымда жүрген қыз оқыса екен… оқымайды ғой бірақ, әттең
Jako
Бақ сәтімді жіберіп алғандаймын,
Сүйгеніме жете алмаған сор маңдаймын.
Елігін іздеп егілген қу далада-ай,
Меңірейіп жалғыз өзім қалғандаймын…
Қандай өкінішті сезім, осы сезімді бастан өткізбеген жандар некен саяқ шығар.Тамаша айтылған.
Baha_07
Біздерді алыстатты тағдыр кезең,
Қолым саған жетпейді оны сезем.
Сүйгеніммен жолығар бір сәт болса,
Сұрамас ем бөгде ештеңе өмір-өзен.
Кәдімгі элигия ғо бұл...қыздарды аяп кеттім кәдімгідей.
Сөздері керемет екен, дегенмен әлсіз ұйқас…
Karakulov
ормантика ұстап…
))
Айтпақшы, мақаланы оң бағаладым. Рахмет.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.