Бала махаббатты еске алу

Таусылмайтын махаббат /

Қайырлы кеш айтаберлік қолданушылар! Бүгін мен сіздермен жаңа бір эстафета таяқшасын ұсынбақпын, яғни жаңа эстафета бастамақпын.

Эстафета сұрақтары:
1) Бала махаббатыңыздың есімі кім? Ол қазір қайда?
2) Бұл махаббат сізде қалай басталды, ерекше бір оқиғаңызбен бөлісе отырсаңыз
3) Онымен қоштасқаныңа өкінетін сәттер болама? Өмір жолы қайта табыстырса дәл сондай сезімді келтіре аласың ба?

Соңында эстафет таяқшасын ұсынатын адамыңызға қызықтырған бір сұрақ қоюыңыз шарт.

Менің бала махаббатымның есімі — Тұнық. Ол Аягөзде тұрады, өзіміз оқыған мектепте сабақ береді. Аягөзге барғанда көремін, ортақ таныстарымыз бар.

Бірде дәл қай ай екені есімде жоқ, көңілсіз күздің бір күні интернатка аппақ, шашы ұзын қызды екі ер адам жетектеп әкелді. Оның кім екенін білу үшін, асханаға ерте түстім елден бұрын сол кезден бастап әлгі аққыздың жүрген жерін аңдитын болдым. Анау айтқандай махаббаттың не екенін кітаптан ғана білемін. Уақыт өте келе барлық тіршілік иесі оянып жайма шуақ, күнің көзі барлық жер дүниені елжіретіп, сезімдерді оятатын шақта мен оған сөз салдым, көңілімнің құлағанын, жақсы көретінімді айтым. Айтқанда көптен көңілімді тұнып тұрған сөздерді ашық түрде салмақты қылып жеткізуге тырыстым (іштей діріл жоқ емес бар), жауабын асықпауын ойланып беруін есіне салып әйтеу қойшы үлкендердің үйретуімен жеткіздім ғой. Ал ол болса теріс айналып жүгіре жөнелді.
Ол кездері көп кітап оқитынмын. Оқыған кітаптарымды достарыма Тұныққа да оқы деп ұсынатынмын. Оқыған кітаптарды бірге талдайтынбыз. Содан бірде бір кітапты әкеп берді, ішін ашсам, нақты сөзбе сөз есімде жоқ бірақ мындай мағынасы есімде «әуре болма, сенде осы уақытқа дейін қыз жоқ болды дегеге мен сенгелі жатырмын, мені бұл сөздеріңмен иландыра алмайсың» деп бір мақалы бар хат жатыр. Содан далада көктем менің өмірімде күз басталды әлгіндей жауап алған соң. Иа ауырдым, махаббат ауыруымен.

9-шыны бітірдік, арман қуып колледжге оқуға кететін болдым. Сабақтар аяқталды, тып-тыныш бірінен бірі аумайтын күндер басталды. Оған ерегесіп мүлдем қыз атаулыға жолап, не олармен ойнап, құшақтап қолтықтамай кеттім. (қазірше өкінемін, не қырдым десенші сонда) Содан қойшы әйтеу студент атанып қалаға кеттім, ол қалды интернатта. Мен кетерден бір күн бұрын дискотека жасадық, сол түні мен бала махаббатымен алғашда соңғы рет кездестім.
Окінемін, алғашқы махаббатымның ғұмыры қысқа болғанына. Дәл қазір сол кездердегі балғын сезімдерді ат басындай алтын берсемде ешкім маған сыйлай алмайды, алғашқы махаббатымды сезінгендей сезімдер менім арманым болып алыстап барады. Содан кейінгі тірліктерім ұстатпайтын сағымды қуғанмен бірдей. Асыл арман тым, тым алыстап кетті…

Эстафета таяқшасы Қырмызыда

Қырмызы бикешке сұрағым: «Жүргенге жөргем iлiгедi» деген мәтел өміршеңдігіңде көрініс алды ма?

Пы/сы: Эстафет таяқшасы қолдан қолға өту барысында қыздар жігітке, жігіттер қызға ұсынуын қатаң ескерткім келеді. Таяқшаны ұсынбас бұрын алдын-ала ұсынатын адамыңызға ескертіп, рұқсатын алғаныңыз жөн. Сәттілік!

6 пікір

pari
Жақсы ой, тамаша ұсыныс!
Бала махабаттыңыздың ғұмыры тым қысқа болыпты. Бірақ жазғанда тамаша жазыпсыз, сөздік қорыңызда мін жоқ. Ал мен бала махабатты басымнан өткізудемін.Бәрі ойдағыдай!
pari
қашпа,,қашпа. Ато бандыны қуған Хамит болып кетерміз ағасы ық ық
didi0393
Сездіруге батпадым ба айййй
Бала махаббатымды…
Терезенің жақтауына
Ойып жаздым атыңдыыыы

деп әндетіп, бала махаббаттарыңызды есіңізге алып бізбен бөлісуге сәттілік батылдық тілеймін!
Kan
қызық екен алғашқы махаббатымның есімі Айжан болатын. қазір ол Қостанай қаласында тұрады. Қызығы сол онымен ешқашан қолымыздан ұстап,құшақтасып жүрмеппіз тек хат жазысып тұрдық үш жылдай.Әрине кздестік бірақ бетпе-бет сөйлесуге үялатынбыз. Сөйтіп жүріп ол институтқа түсті мен басқа қалаға кеттім. Кейін оны іздеп бардым бірақ кеш еді ол тұрмысқа шығып кетіпті. мен әлі күнге дейін өкінем әрі оны сағынам. ол тамаша жан болатын мен балалықпен одан айырылып қалдым.
Ais_97
Керемет, тамаша әсемдікпен жазылған!
mairosh
Қырмызы қайдасың? Қырмыыыыызыыыыыы?№ эхэй эхэйййй))) сенің бала махаббатыңды оқиықшы)))))
Автор, мақала соңына пікір қалдыруға тыйым салды!