Алғашқы махаббатыма тек бақыт тілеймін!
1.Бала махаббатыңыздың есімі кім? Ол қазір қайда?
Бала махаббатымның есімі-Райымбек, ол қазір басқа жаққа көшіп кеткен, дәл есімде жоқ!
2. Бұл махаббат сізде қалай басталды, ерекше бір оқиғаңызбен бөлісе отырсаңыз...
Бұл махаббат 5 сыныпта басталды, мен оны бірінші ұнатып қалып, хат жазғанмын.Ол да маған жауабын түрлі ғажайып сөздермен жазатын.Екеуміз мектепте үзіліс кезінде кездесіп, біраз нәрселер айтып,әңгімелесуші едік.Алайда ол да маған ғашық екенін айтты, менің де қуанышымда шек жоқ! Бірақ оның сүйген қызы бар деген әңгімені достарым айтып жүрді, тіпті сенбеген едім, алғашқы махаббатымнан сұраған кезде де мойындамаған болатын.Содан келесі күні алғашқы махаббатым бір қызбен қолтықтасып жүрген кезде қатты қызғандым.Содан бері ғашық болған алғашқы махаббатым маған назар аудармаған еді, басқа қызы бар екенін айтуға мүмкін қиналған шығар, кім білсін?! Жалпы айтқанда алғашқы махаббатым әлі есімде, содан бері ол баланың түрін көрген емеспін, басқа жаққа көшіп кеткен болатын.Айтатындай ерекше оқиға болған жоқ! Бірақ бір қызығы мен алғашқы махаббатыма шынайы ғашық болған едім,өмірімде тек оған бақыт тілеймін!
3. Онымен қоштасқаныңа өкінетін сәттер болама? Өмір жолы қайта табыстырса дәл сондай сезімді келтіре аласың ба?
Онымен қоштасқаныма өкінгенім рас,өмір жолы онымен қайта табыстырса дәл сондай сезімді келтіре алмаушы едім, себебі бәрі өткеннің еншісінде, бұған да 3 жыл өтіпті.Оған тек қана бақыт тілеймін! Алғашқы махаббат мен үшін сәтсіз болды, бірақ сол махаббат әлі есімде!
4.ereke_enu -дің сұрағы: Сен үшін бақыт деген не?
Бақыт дегеніміз ол-жақын адамдарыңның аман саулығы, сүйгеніңнің бақытты болуы.Ата-анаңды, отбасыңды, туған жеріңді сүю.Бақыт балалық шақтан басталады.Бақыт-ол сенің қуаныштық сезімің.
«Бақыт»- деген қандай нәрсе білмедім,
Балалықпа, шаңға аунаған күндерің
«Бақ» туралы білмесеңде ештеңе,
Асыр салып, достарыңмен жүргенің.
Мүмкін «Бақыт» бозбалалық шағың ба?
Кемерге кеп, бой түзеген шағыңда…
Ой тоқтатпай,ұнағанға сөз айтып,
Жас ұландай сезінерлік бабында.
Осы сұрау болатынын білгенмін,
Бақыт бәлкім ғашықтықпа білмедім
Сезінеді бақыттың не екенін,
Біле-білсе ғашық болып кімде-кім!
«Бақыт»-деген қолға түспес әңгүдік,
Сырттап жүрер, айналшықтап паң күліп
Ол тек қана басын иер ардақтап,
Шын сүйгенге, адалдықты aр қылып!
Белгісіз ақын
5. Соңында эстафет таяқшасын ұсынатын адамыңызға қызықтырған бір сұрақ қоюыңыз
шарт.©
«Махаббатсыз өмір бос» дегенмен келісесің бе? Алғашқы махаббатыңа қандай сыйлық тарту еттің?
6.Пы/сы: Эстафет таяқшасы қолдан қолға өту барысында қыздар жігітке, жігіттер қызға ұсынуын қатаң ескерткім келеді. Таяқшаны ұсынбас бұрын алдын-ала ұсынатын адамыңызға ескертіп, рұқсатын алғаныңыз жөн. Сәттілік!©
P/S: Көп жазбағаным үшін кешірім сұраймын, есімде қалғаны сол!
Сөз соңында эстафета таяқшасын pari -ге ұсынғым келеді.Сағыныш сенен қызықты жазба күтеміз, сәттілік!
92 пікір
сен сонда қызғаншақсың ба не?
сонда ол қазір қай қалада?
Жалпы жазбаң ұнады, жақсы әсер қалдырды, рахмет!
Пари екеуіңді Құдай табыстырған екендаЧы! © АКА
Ақпарат білгің келсе Әке-шешеңнен сұра.
Почтама не жіберіп едің соншама?
нема қашан жазасыз сомен?
бірақ 7-еуі қаза тапты. Жатқан жері жайлы болсын!
4ші класс бітіріп жатқанда біз пайнтқа сурет салғанға мәәәәз болып отыратын едік, ал сіз казах.ру да белсенді боп жүрген екенсіз ғой )
неткен отсталый едімБіз 5ші сыныпта әлііі бала едік
ойыншық, тығылыспақ, қуаласпақ ойнайтынАххх, басы да аяғы да қызық болыпты. Бұрын 6-7сыныптарда жігіттер шашымыздан тартып кететін. Соған қыздар жынданып артынан қуалап сабап тастайтын. Қазір басқаша өрбитін болған ба…
Болашақта өз теңіңді тауып бақытты болатыныңа сенемін.