Кездеспей кеткен бір бейне...
Кездеспей кеткен бір бейне…
Ғажап! Неткен ғажап! Осынша сұлу етіп жаратқан Жаратқанның шеберлігіне танданбасқа шараң жоқ… Жазық маңдай, керілген қас, қою қара, мөлдіреген, ойлы, ұялы көз, кыр мұрын, үлбіреген ерін, иыққа төгілген шаш…
Сол күнді ешқашан ұмыта алмаспын. Оны алғаш көрген кезде бойымды ерекше бір қуаныш сезімі билеп, ғажайып сұлулығына тамсанғаным сонша біразға дейін көзімді ала алмадым… Ол да өзіне сілесі құрып қарап қалған көздерді байқаса керек көзінің қиығымен жай ғана әдемі жымиды. Оны көрген менің бойыма қуат біткендей болып, одан сайын жігерлене түстім, құдды бір сол ару мендік болатындай…
-Кешіріңіз, артыңызға қараңызшы, меніңше сіз құжатыңызды түсіріп алған сияқтысыз,-деді ғажайып сұлулық иесі))
Пәлі, енді болмағанда құжатымды жоғалтып әбігерге түсер едім, мына сұлулықтың мені баурап алғаны соншалық, үйден не үшін шыққанымды, қандай шаруамен жүргенімді де ұмыттыппын… А иә, банкке несие алуға келген едім ғой… Қап,қап… ақылымнан алжасатын шығармын. Ішкі ойларыммен арпалысып әлі тұрмын… Шыным сол, бір сәтке “отключка”болдым да қалдым. Күтпеген едім, жүрегім атқақтап барады, не болған маған???
Кезекте тұрғандарды кимелеп қыздың қасына таядым…
-Не ғой, қарындас, сізге рахмет айтайын деп…
-Оқасы жоқ,-деп қысқа жауап қатты да ысырылып әрі қарай кіріп кетті…
Мен одан сайын қысыла бастадым, өзімді қоярға жер таппай, сасқалақтап, не айтып не қоярымды білмей тұрған маған неге екенін қайдам, бұл жауап жөніңе кет дегендей әсер етті…
Ынжықтығыма налып үйге қайтым…
19 пікір
новій аваныз құтты болсыын!ардаққа қатыстыҒ. Мүсіреповтың шығармашылығы тағы ойға оралғандай