Кездеспей кеткен бір бейне...

Таусылмайтын махаббат /

Кездеспей кеткен бір бейне…

Ғажап! Неткен ғажап! Осынша сұлу етіп жаратқан Жаратқанның шеберлігіне танданбасқа шараң жоқ… Жазық маңдай, керілген қас, қою қара, мөлдіреген, ойлы, ұялы көз, кыр мұрын, үлбіреген ерін, иыққа төгілген шаш…
Сол күнді ешқашан ұмыта алмаспын. Оны алғаш көрген кезде бойымды ерекше бір қуаныш сезімі билеп, ғажайып сұлулығына тамсанғаным сонша біразға дейін көзімді ала алмадым… Ол да өзіне сілесі құрып қарап қалған көздерді байқаса керек көзінің қиығымен жай ғана әдемі жымиды. Оны көрген менің бойыма қуат біткендей болып, одан сайын жігерлене түстім, құдды бір сол ару мендік болатындай…
-Кешіріңіз, артыңызға қараңызшы, меніңше сіз құжатыңызды түсіріп алған сияқтысыз,-деді ғажайып сұлулық иесі))
Пәлі, енді болмағанда құжатымды жоғалтып әбігерге түсер едім, мына сұлулықтың мені баурап алғаны соншалық, үйден не үшін шыққанымды, қандай шаруамен жүргенімді де ұмыттыппын… А иә, банкке несие алуға келген едім ғой… Қап,қап… ақылымнан алжасатын шығармын. Ішкі ойларыммен арпалысып әлі тұрмын… Шыным сол, бір сәтке “отключка”болдым да қалдым. Күтпеген едім, жүрегім атқақтап барады, не болған маған???
Кезекте тұрғандарды кимелеп қыздың қасына таядым…
-Не ғой, қарындас, сізге рахмет айтайын деп…
-Оқасы жоқ,-деп қысқа жауап қатты да ысырылып әрі қарай кіріп кетті…
Мен одан сайын қысыла бастадым, өзімді қоярға жер таппай, сасқалақтап, не айтып не қоярымды білмей тұрған маған неге екенін қайдам, бұл жауап жөніңе кет дегендей әсер етті…
Ынжықтығыма налып үйге қайтым…

19 пікір

qyrmyzy
Тақырып, ник, пост, посттағы қыз суреті… бір сәт «отключкаға» жіберді. «Летние каникулы»… ох, сен үшін қарай берем сол киноны, жазық маңдай, керілген қас, қою қара, мөлдіреген, ойлы, ұялы көз, кыр мұрын, үлбіреген ерін, иыққа төгілген шаш… ©
AL-ASTER
Нағыз ұнатқан қыздың алдында кез-келген адам тұрып қалатын көрінеді. (типі өзімді ақтап алып жатырмын)
Ademi
аватарыңызға қарап сүйсініііп отырмындаЧы. Күлкіңіз неткен сүйкімді еді....
AKA
Ademi
барды бар, жоқты жоқ деп айту — принципімен жүретіндердің қатарындамын.
didi0393
білеміз сіз болғанда, как в рекламе не тормози сникерсни деп, шустрить ететініңізді))))))) новій аваныз құтты болсыын!
didi0393
қыздың непростая екенін көрсем
кыз простая болса ше?)))
didi0393
вай вай, техника по рубИнский!
Kan
Қызға кім бармайды қымызды кім ішпейді" деп атам қаза айтқандай. Әсерлі сөзбен блоктағы қыздарды да сындырмақ ойың болғандай. сосын мына шет елдік актирсаға ғашықсыз ба әлде басққа ма соны түсінбедім???????????
Ademi
Осы сіздің неңіз детпон ба? Солай ойлауға мәжбүрлеген бірнеше пікірлеріңізді тіркеп алдым өзіме…
Kan
Иа қыз қызға ғашық болғандай екен. қыздар бұлай қыздың сұлулығына қызығып жазады деп ойламаппын. «күлме досқа келер басқа» кім жазғанын қарамаппын. әйтседе мынаны жазған еркек екені анық
Естіген әңгіме желісі бойынша жазғам, көбі түсінбей қалған сиякты гой...)))
didi0393
ағаау посттың аутыры Нұрай есімді кыз ғой)))))))карасанызшы
zhomart
Кездеспей кеткен бір бейне…
AyKoN
аға осы сөзді мен көп қолданушы едім ғой есіңіздема?ардаққа қатысты Ғ. Мүсіреповтың шығармашылығы тағы ойға оралғандай
Abylai
ң? бесінші қауымдастық?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.