Біреуге

Таусылмайтын махаббат /
Ақ қанатты періштем,
Айдай жүзің келіскен.
Мөлдірлеген сезімнің,
бал шырынын бөліскен.

Бірге өткізіп уақытты,
тойлайықшы шаттықты.
Қос аққудай жұптасып,
болайықшы бақытты!

***************

Саған қашан жетем деп,
жүрек жатыр шыңғырып.
Сен де жүрсің білемін,
көздеріңе мұң бұғып.

Ұғыспадық бір сәтке,
ойлай бермей ол жайлы.
Енді бізге ешқашан,
айырылысуға болмайды

****************

Жүрегіңді жалғадың жүрегіме,
Тілегіңді жалғадың тілегіме.
Адалымсың, ақ жүрек аққуымсың,
Ұя салған көлімнің жиегіне.

*****************

Кездесемін бүгін мен,
дір-дір етіп тұр денем.
Жүрек мынау жүгірген,
өтіп болмай күн деген.

*******************

Аялаған арманым боп,
Жолығар деп жан-жарым боп.
Үмітімді ақтадың кеп,
Қалдың мәңгі қорғаным боп.

Қойын дәптерімнен алынды…

8 пікір

qusbegi
Білмеймін неге екенің
Өзіңді Ай мен Күнге теңегенмін
Мәңгілік аялаумен өтер едім
Жүрегімнің таба алсаң егер емін
2007 жылы жазылыпты. Жалпы қойын дәптерді ақтарып отырудың өзі қызық сезім…
Үмітімді ақтадың кеп,
Қалдың мәңгі қорғаным боп.
Керемет!!!
AKA
… Мезі етіп санамды мезгілсіз мұнар күн,
Жанымның түбінде сені ойлап жылар мұң.
Өзіңді жүрекпен сүйгенім үшін мен,
Өзгеден өзгеше бақытты шығармын.
(а)біреуден біреуге дей салайнЧ ық-ық :)
AKA
Жүрегіңді жалғадың жүрегіме,
Тілегіңді жалғадың тілегіме.
Пай-пай-оооу!
Саған қашан жетем деп,
жүрек жатыр шыңғырып.
Сұмдық, сұмдық!
MSHERIMBEK
Indeika xegib alghannan sawsez ba, AKHA hanem?!
AKA
Индейка?! Не зат? :)
MSHERIMBEK
Indeika degen, sondai zat ki, ony shekseniz, myna post «Bireuge» dep emes, «Ekeuge» yaki «Usheuge» dep atalatyn bolady:)))
alikona
соны айтам да...)))))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.