Морж

Таусылмайтын махаббат /
Морж — сүтқоректі теңіз жануары. Оның бірнеше түрі бар. Солардың арасынан мені қатты қызықтырғаны лаптеп моржы болды. Ол туралы интернетте ақпарат тым аз. Ғаламторды шарлап жүріп бар тапқаным мынау болды:

Теңіз жануарының бұл түрін ғалымдар 1992 жылы тапқан екен. Оңтүстікте кеңінен тараған. Лаптеп моржын балықшылар соңғы рет осы жылы Үнді мұхитында көрген екен. Одан кейін әлі көзге түспепті. Бұл жануар түрі қызыл кітапқа енген. Аулауға қатаң тиым салынады.

Лаптеп моржы басқаларға қарағанда ұзақ жасайды екен. Оның мүйізі/тістерінен дәрі түрлері жасалады. Алайда, ғалымдар оны толық зерттеп бітпегендіктен оның пайдалы жақтары әлі белгісіз. Жануарды зерттеу үшін бірнеше экспедиция сапарға аттаныпты. Әзірге ешқайсы айтарлықтай нәтиже бере қоймаған.

Толық ақпарат алу үшін мында барыңыз

20 пікір

Kan
Бейтаныс Досым мына посыңызды пайдалы кеңес деп қабылдайын ба? Әлде Махаббат посына жариялағаныңызды меңзеп Моржды сіздің махаббатыңызға теңейін бе?
konvict
Еркіңіз білсін. Сіздің ақыл-кеңеске әсер етуге біз секілді бейбақтың шамасы жетер ме екен?..
MSHERIMBEK
Маржанға қатысын айтсаңыз:)))
Kan
Моржы махаббатыңызба сонда?
qyrmyzy
ық ық, неткен махаббат десеңші. Иә, Морж Оңтүстіктің 1992 жылғы… Былай да, былай да байланыстырғың кепті, жарайсың. Моржыңмен бақытты бол, жәнееем сол. Респект! Ризамын саған:)
konvict
Намекті жақсы түсінесің негізі))))
MSHERIMBEK
Аулауға сұмммдық қатаң тыйым салынған ба?:)
konvict
Өте қатаң тыйым салынған. Әсіресе Будда атқыр сен секілді оңып кеткендерге
Jako
Мен Абайды қолдаймын, Морждар да аққулар сияқты жұптасып өмір сүреді, махаббат символы болуға лайық.
ereke_enu
«Асыңыз дәмді болсын» деген блогқа ауыстыруға болады
konvict
Тасыңызбен жаздыңыз ба?
ereke_enu
Жұмбақтаспен жаздым
Ademi
Мына баланың фантазиясы керемет қой. Қызық. Енді келін айтпай-ақ түсінген шығар. Тонкий намек.
Korkem
ұжыС, маған жөнді күндес те бұйырмапты-ау
khairbek
ООО қолым қышып отр ед қай постты минустасам екен деп,,,,,
qyrmyzy
Намек түсінбейтіндер өңшең…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.