↑ Жоғары шығу
31 қазан 2012

Осы өлеңді білесіз бе?!

Жуырда, жерлесім — Көкшетаулық Алмас Темірбай есімді ақынның мына өлеңін тауып алдым… «Сені сағынғанда» деп аталады екен, «біреуді» сағынғандықтан болар ма, осы жолдарды алғаш рет оқығандай әсер алдым…

Жүрегін ұстап қолына жүгіріп алдан шығатын,
айтайын деген сөзімді айтқызбай жатып ұғатын,
қойып кеткен жерімде қозғалмай күтіп тұратын,
оңаша қалсақ,
отыз күн ойын, қырық күн тойын қылатын,

әдемі киім киетін,
әдемілікті сүйетін,
елге сәлем салғанда еңкейтіп басын иетін,
еңкейген сәтте бір құлаш бұрымы жерге тиетін,
суығыма тоңатын, ыстығыма күйетін,
маған тиген таяқтың бір ұшы соған тиетін,

шынын айтып жылатқан,
сырын айтып жұбатқан,
көк Аспанның астында, қара Жердің үстінде,
көп Еркектің ішінен Мені ғана ұнатқан,

у мен балды тең ішкен,
«Сізді ғана сүйем» деп, сертінде тұрып сеніскен,
Құдай қосқан қосағым болмақшы болып келіскен,
пешенеме бұйырып, пенде боп туған періштем,
осы елге келіп жоғалды-ау, адасып шығып пейіштен…

… жалғыз жүрген жан еді,
аққу құстай бөлініп, жүргені де әдемі,
ақ жүрегі көрініп, күлгені де әдемі,
мөлт-мөлт етіп моншағы, жылағаны әдемі,
жылап тұрып, кешірім сұрағаны әдемі,
бір періштем бар еді,
бір пе-ріш-тем бар е-ді,
бір пе-ріш-тем бар е-ді…

Сол періштемді жоғалттым!
Кім ұрлады?! Кім көрді?!

Көрсеңіз оны, замандас,
мына телефонға хабарлас:
8-701-534-2006.
?

Пікірлер:16

Шынымен, хабарласа саламын:)
avatar
Eeeeuu ne ddisin? :)
оййй, кешіріңіз, бикеш:) не көрінді хабарласып:)))
avatar
Nu smotri)
avatar
Kudđoooooi habarlasa ber, tarifpen arine)
avatar
))))))
avatar
өлеңді жазған ер адам ғой)хабарласа бересіз бе?)
Сізге түсіп қалам ба деген соқыр үміт қой, біздегі =))))
avatar
))))
avatar
  • Kan
  • 31 қазан 2012, 18:25
  • 0
керемет өлең екен. артына тел. нөмірін жазғаны, сіра ақынның тозғаны не болмаса озғаны
avatar
иә, солай болар!
avatar
Енді біліп отырм
avatar
Керемет өлең екен. Бас жағы өте тамаша боп бастап еді, артқы жағы қалжың сияқты боп кетті ма, қалай?! Көпшілікке ұнайтынына сенімдімін.
avatar
Алмас ағай негізі өзі тамаша оқып береді бұл өлеңді.ерекше десе болады.ақынның өзін тыңдасаңыз түсініктілеу болады.
avatar
  • khairbek
  • 01 қараша 2012, 00:04
  • 0
не деген депозит
avatar
  • Jako
  • 01 қараша 2012, 07:47
  • +2
Осыдан біраз бұрын көп жылдар бұрын жастау шағымда (10-15жыл бұрын) жаттап алған бір"Қоштасу"-деген өлеңді Айтаберде жариялаған едім, бірақ сол кезде авторын еске сақтамаппын. Сол бетте Айка деген қыз ол өлеңнің авторыАлмас Темірбек екенін айтқан еді, содан бері іздеп оқимын.Ақын өлеңдері тамаша, сезім қылдарын шертеді.Егер мына өлеңде телефон нөмірін жазса оқырманнан шабыттан туған прототип қыздың адресін емес, осы бір тамаша өлең туралы пікірлерін ауыз екі тыңдағысы келгеннен болар деп түсінген дұрыс шығар.Ақын өлеңімен танысқыларыңыз келсе «Мәссаған»сайтында біразы бар екен.
Пікір 2021-11-01 07:51:01 күні Jako тарапынан түзетілді
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.