Ата - ана қадірі жайында бірер сөз

Таусылмайтын махаббат /
Ассалаумағалейкум! Адам баласы аш нәпсімен жаратылған жалғыз ғана жаратылыс шығар. Олай деп отырғаным, әйтеуір еш нәрсеге көңіліміз толмайды. Бір бөлмелі пәтеріміз болса, екі, үш пәтерлі неге алмаймыз деп шығамыз. Әрине, ол жақсы, бірақ қалтаңның мазасы жоқ болса қайтесің? Жатпау керек, жұмыс істеу керек, бірақ Алланың бергенінен артық таба алмайсың ғой. Осы орайда мына бір сөз ойыма сақ ете қалды
. «Байлық — дүниенің көптігімен емес, көңіліңнің тоқтығымен өлшенеді». Расымен де солай ғой. Мейлі байлықтың әңгімесі бір басқа. Дінде де дүние жинама деген жоқ қой, тек оны жүрегіңе жақындатпа деді. Иә, адам, бардың қадірін білмейді. Тоңазытқышың толып тұрса да, қанағаттанбаймыз. Бірақ, жыланның басын қайыруға бір түйір нан таппай отырғандар қаншама. «Кросовкам» сәннен қалды дейміз, бірақ түбі жыртық бәтеңкені сүйретіп жүргендер қаншама. Осы сияқты әңгімелер жиі айтылады. Бірақ дәл қазіргі барыңнан айрылып қалсаң қайтесің?
Бардың қадірін білмеудегң ең сорақысы, ата — ананың қадіріне жетіп, түсінбеу. Оларға жекіп қарап, қарсы сөйлеу, әңгімесіне құлақ түрмеу, айтқанын тыңдамау, осының барлығы да, алақанында аялап өсірген әке — шешемізге лайықты түрде құрмет көрсетпеу болып саналады емес пе?
Бірде, пайғамбарымыз Мұхаммедтен, алейхис салату, уа саллам, бір кісі келіп, ең әуелі кімге құрмет көрсетуім қажет деген екен. Сонда Мұхаммед, алейхис салату уа саллам, үш қайтара " анаңа " деп, төртіншісінде "әкеңе " деп жауап берген. Расында да, тоғыз ай толғатып, қандай қиын жағдай болса да, баласының амандығын ойлап, ішіндегіге сабыр қылған, соңыра бір өлімнен қалып, Алланың құдіретімен өмірге шыр еткізіп әкелген анамыз сондай құрметке лайық қой. Оның үстіне, ер жеткенше ерінбей бізге жанашыр болған, тұмсықтыға шоқтырмай, қанаттыға қақтырмай, аялы алақында мәпелеп өсірген аналарымыз, шын мәнінде құрметке лайық. Ал, сол аналарымызды және бізді де мүмкіндігінше бағып, нанымызды тауып, жоқшылық көрсетпеуге тырысқан әкемізге Алла разы болсын!
Ал, кей бейбақ, көргенсіздер қасында, жанында жүрген асыл жандарын бағаламай жүр ғой. Өздеріңде барға, кешікпей тұрғандарыңда шүкіршілік етіңдер. Ақымақ болмаңдар. Егер де мама, папаларыңның бірін ренжітіп қойсаңдар, дереу олардан кешірім сұраңдар. Кешірім сұрау алғашында қиын болып көрінгенімен, жүрегіңді жібітіп, мейірім ұялататын ең ғажап нәрсе. Кешірім сұраңдар да, кешірімшіл болыңдар. Бұл өсиет емес, мен біреуге өсиет айтатындай өмірден көп нәрсе біліп, түйіп қойғаным жоқ. Тек ата — аналарыңды қадірлеулеріңді сұранам.

10 пікір

yesbolat83
Жастарға берері мол пост. Әбеке, көп рахмет. Саған Аллаһ разы болсын.
korwinin_kyzy
и не только,,,,,,
ya ata anan barda konilin tok koi wirkin magan enem uryskanda aikailaganda men anamdy eske alamyn wirkin osy enenin ornynda kazir anam uryskanda goi jibektei jumsak tier me edi dep al eneniki kokiregine biz sukkandai aser etedi analar jasasyn akeler aman bolsyn!!! Anama akeme algysym weksiz! kastarynda kanwa jatsamda sagyna beremin!!!
korwinin_kyzy
жақсы жақсы жақсы жақсы жақсы жарайсеееееееен
yesbolat83
Тәуір-ақ жазбаны кім және қандай ниетте минустады екен?
m170785
жақсы жазылған
sultan_yerkebulan
Жақсы жазыпсың, негізі бұл таусылмас тақырып қой, тәрбиелік мәні бар жазбалар көбейе берсе екен осы сияқты.
Madi
Иа, айтқаныңыз дұрыс негізі. Бірақ, менің әкем анамнан бөлек тұрады. Оған хабарласпағалы көп болды. Себебі, әкем менің анамды,қарындасымды,інімді үйден қуған.Өз семясынан өзі безінген. Оған қалайша мен хабарласа алам.
Иа, білем…
ол менің әкем. Оны сыйлағым келеді, бірақ мен бәрібір анамды сыйлаймын.
korwinin_kyzy
Бауырым сенікі қиын жағдай екен(((((
Kan
Толғанысқа толы, тағылымы мол пост екен. Байлық, маңсап бәрі өткінші ала ата-ананың қадірін мәңгіге сақтай білу кере
Тек мына сөзді дұрыс жазбапсыз. «алейхис» Құдай сақтасын пайғамбарымызға қатысты болған соң жздым. дұрсы түсінерсіз
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.