Сәлем хат
№4 қатысушының посты
Өзінен біршама жас үлкен, балалы-шағалы ер адамға ғашық болған, бірақ әке-шешесі қарсы болған, әке-шешесінің рұқсатынсыз сүйген ғашығы да тәуекелге бара алмаған мұңлық қыздың хатынан. Қаз-қалпында.
Сәлем хат!
Дәке,қал-жағдайыңыз қалай? Балалар аман-есен шапқылап жүрген болар, оларға менен сәлем айтыңыз.
Өзімде бәрі жақсы. Қызылорда, сіздіңше Қыпшақтар қауымы амандық. Құдай деп жүріп жатыр. Хатыңызды алып әбден қуандым. Хат келді дегенді естігенде жұмысты тастап, жүгіріп барып сол жерде ашып оқыдым емес пе. Хатыңызға мың рахмет! Сіздің аман-есен жүргеніңізді есту мен үшін бір ғанибет, Дәкесі.
Хатыма жауап кешіккен сайын өзімнен-өзім үрейленіп, әр нәрсені бір ойлап…
Асылдың денсаулығы қалай, әбден жүдеген болар. Жақсы болып кетсе екен деп тілеймін, бір Алладан! Дәке, қатты кетсем кешірім өтінемін, жұмыс-пұмыс, анау-мынау демей, сол баланың денсаулығына күш салып, соған көбірек назар аударсаңыз деймін. Қазір ақша болса бәрі болатын заман ғой. Сіз бастаған ісіңізді аяқсыз қалдырмайтыныңызды білемін ғой, сонда да сол баланың (Асылдың) саушылығы алаңдатады мені. Әрине өзімнен 18-жас үлкен кісіге ақыл айтудан аулақпын, дегенмен өзім қасыңызда болғанда көмегім тиер ма еді деген ойым ғой.
Осыншама шырғалаңға түсіп жүрген сізді де көп ойлаймын. Жалпы сол көп ойлаудың да көп қажеті жоқ па деймін, бір шешімге келу керек па деймін. Не істеймін, қалай қыламын, не шешімге келемін, басым қатты. Дегенмен хат арқылы шешілетін мәселе емес. Маған дегенде қырсық дайын тұрады емес пе? Өз шешімім белгілі ғой, әке-шешем, туған-туыс өлсем де ризалық бермейді. Олардың ризалығынсыз сізде қозғалмайсыз. Қойшы бәрін мен үшін ең бастысы сіздің аман-саушылығыңыз.
Дәке, мен сізді жақсы көремін, жақсы көремін. Мен сізді ешуақытта ұмытпаймын, ол мүмкін емес. Бұлар мені қаншама қамап ұстар дейсіз, қалайда барып қайтамын. Мен сізді өте жақсы көремін, қатты сағынамын. Сіз қайда жүрсеңіз сонда болғым келеді. Дәке, сіз «сүйемін, күйемін», — деген сөздерді ұнатпайтыныңызды білемін, сонда да айтамын: «Мен сізді сүйемін». Жақсы көремін..., айтарым мол, бәрі іште. Жақында Асылды, Жанканайды көрдім түсімде, олар да сағынып жүр-ау деп ойладым, мен де сағындым, жандарымды. Дәке, осы жерін оларға оқып берші, беттерінен сүйдім.
Жүз жазған хатым сізді бір көргеніме татымайды, сіздің бір көйлегіңізді алып кетпегеніме өкінемін, сағынғанда иіскеп жүретін едім. Қолтығың сасып кетіпті деп ұрсатын едім тәлпіштеніп, енді сол иісті сағынғанымды білсеңіз ғой. Бұл жақсы көрген адам деген бір сұмдық екен ғой. Басқа ештеңені де, ешкімді де көрмейді, көргісі келмейді. Бар аңсарым сол өзіңізсіз ғой, баяғы. Сағынышым да, арманым да тек қана сізбен ұштасып жатыр менің миымда. Сағындым, өзіңді сағындым! Сағыныштан сарғайып қартая бастадым. Мне скора 26 лет, пора детей имееть. Сол 98-жылы неге ғана көзді жұмып сізге тұрмысқа шығып кетпедім екен деп өкінемін. Папам мен Мамам бәрібір кешіретін еді ғой деп ойлаймын, ал әжем кешірмес еді. Қойшы, көрерміз, бастысы өзіңіз саушылықта болыңыз. Асыл, Жәнкәнәйдың бетінен сүйіп қойыңыз, Анар айтты деп.
Күйі бөтен демеймін, үйі бөтен,
Жақсы адамдар бар екен, сүйіп өтем.
Жамандарды іздеме, өзі-ақ табар,
Жақсыларды ұмыту қиын екен. © М. Мақатаев
Сағына хат күтемін, Анарыңыз.
8.10.2000ж
9 пікір
Менің пікірім Анардың хатымен шектеліп қою аздық ететін секілді. Толыққаны, түұсінікті етіп баяндағанда керемет боп кетер еді.
Ол кезде сымайыл жоқ шығар.