Ол менің досым

Таусылмайтын махаббат /
Ол менің досым.
Өмір адамға берілген сый, тек, ол бір- ақ рет берілетін сый. Ол жер бізге сахна, сахна- бұл ойнау, бұл жерде ойнауды үйрену керек шығар. Қысқа ғұмырда бірін- бірімен сапырылысқан адамдар тек нәпсінің иелігіне көшіп кеткелі қашан. Адам болу, бұл көп оқу немесе жақсы жерде білім алу емес, керісінше рухани байлықтың молдығын да. Адам бұл өмірде қасындағыларды, түсінуге, ұғынуға, зерттеуге ұмтылады. Бірақ, түсінген емес, себебі, адам мінезіне ешқашан толыққанды, сенімді формула қойылған емес. Әр адамға жанында жүрген жандар қымбат сезілері анық, мысалы, ол ата-ана, туған туыс, сүйіктің дегендей… Тағы бір өмірдегі жақсы сый, ол сіздің жан досыңыздың болуы.
Досы көпті жау алмасын білеміз, бірақ досын жауға тастағандарды да жиі естіп жүрміз. «Достық» туралы нақты ой айтқан философ А.Шопенгауэр өзінің «Өмірлік данышпандықтың афоризмдері» деген еңбегінде: «Нағыз шынайы достық адамдардың бір- бірімен терең, таза және адал қарым- қатынасын қажет етеді. Бұл дегеніміз – досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу деген сөз. Осының бәрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды» депті. Шынайы достық қандай да болмасын өмірлік жағдайларда досыңа көмекке келіп, оны қолдай білу болғанмен де, бұл сіздіңше тек қолдану тәсіліне ұқсамай ма?
Бұрын адал достық ең жоғары адами құндылық саналатын, сондықтан оны белгілі белгілі ақындар жырға қосты, жазушылар естеліктер жазды.
Ол менің досым, бұлай айтудың өзі дұрыс емес шығар, себебі достық іштей ұғынысу емес пе? Қоғамда қыз бен жігіт дос бола алмайды деген тартыс әуелден- ақ талқыланып келеді. Жоқ деп айтатындардың саны басым. Бірақ, мен оған келіспес едім!
… Біз Н екеуміз қатар дүниеге келдік. Кішкентай кезімізде бірге көп ойнайтынбыз. Мектепке де қатар бардық. Біз дос боламыз деп ант беріскен жоқпыз немесе уәделескен де, тіпті олай келіскенде емеспіз. Бірақ, ол әр кез менің жанымда. Мектепте жүрген де ол үнемі жақсылыққа жаны жақын жүретін.
*****
Үнсіздік. Тар бөлме. Жабырқау отырысқа қарап, жалғаннан жалыққан бейнені елестетесіз. Түңілген түр. Сырттағы тіршілікке қарап жиеркене қарайтындай.
Бұл тыныштықты сырттағы аяқ дыбысы бұзды. Ақ ұлпа қарды етікті жерге қайта- қайта соққылап түсіріп жатыр. Оның жүрісінен мен оны анық таныдым. Бойы ұзын, ақ құба, көк көзді жігіт. Ол үнемі менің жанымда жүріп, мені түсіне біледі. Қиын қыстауда қасымнан табылады. Ол маған қарап үнсіз тұр. Бұл оның маған «тыңдап тұрмын сені» деген белгісі еді.
Мен әдеттегідей, көсіле сөйлеп кетем, ішімдегі ойдың бәрін мен оған икенбей жеткізе аламын. Оған ғана мен бүкпесіз сөз айта аламын. Тыңдата аламын және оны тыңдай аламын. Менің алабұртпа мінезімді де, әрбір әзілімді де ол тыңдай алады. Және іс- қимылыма ол маған жағымпазданбай тіке жауап беріп, бұрыс тұсымды айқындап береді.
… Адамдар неге әрдайым өзімшілміз. Неге біз осы қашанда бас пайдамызды бірінші санатқа қоюға құмармыз. Неге сатқындық көбейіп кетті. Жақындарымыздың жанына бес күндік жалғанда неге көп сызат түсіреміз. Бірімізді– біріміз неге көңілімізді қалдырамыз. Бәлкім бұл айтылғандар біреулер үшін түкке тұрғысыз жайт болып, көрінуі мүмкін. Неге біз осы… Атау кере шығармасындағы маскүнемде осы сөзді жиі қайталайтын еді ғой. Байқұс олда жарық әлемнің жағымсыз құбылыстарынан жиеріген екен ғой. Қазіргі қыздар неге сондай ерсі, ебедейсіз ашық болып кетті. Жақында ғана бір құрбымның туған күніне бардық, қызықты отырысты, менің қуанышымды сол бір ерсі айтылған қыз сөзі бұзған еді. Ол сол ортада, көп сөйлеп қызықты қылып отырды. Әзілдерімімізде жарасып отырған. Бір кезде әңгіменің қайдан шыққанын қайдам ол бойжеткен «Мен жігіттермен бір- ай жүремін, зеріккендіктен »- деп топ еткізбесі барма. Масқара, сонда махаббат зеріккенде билейтін биме, жоқ әлде ән бе жалыққанда дыбысын сөндіре салатын? Жалған- ай, десеңші, қызықпыз ау қызықпыз. Мен сол сөз үшін одан жиеркендім және сондай досымның болғаны үшін өзімнен жиеркендім. Тағы да дос, жоқ дос емес таныс, құрбы- құрдас дегеніміз жөн шығар…
Осы сәтте ол жігіт маған болдың ба дегендей ыңғай білдірді. Мен тына қалдым.
Ол маған қарап күлді де, өмір солай жаным, солай болып келген және солай болады. Ал, біз сол бір қайшылықты жою үшін талпынамыз. Сол үшін күресеміз. Ол күрес бітпек емес, біз өмірден өтеміз. Бізден кейінгілер оны жалғастырады. Бұл жердің өзіндің заңы бар, әр бір ойыншы өз әдіс- тәсілімен ойнайды бұл жерде. Сен маған мына бір өлеңді көп оқып берген едің ғой, жаттапта алыппын деп оқып берді.

Ал сен болсаң ән салғын,
Биле тегі!
Ойла тағы: “ Әйелдің күйлі етегі”…
Бәрін бірден сатуға болатынын
Қоғам өзі қолымен үйретеді.

Осы өлеңді оқығанда мен күліп жібердім. Осы өлеңді алғаш оқығанда қандай таза шындық деп мен оған бірнеше қайтара оқып берген едім. Бүгін өзіме мысал қылып отыр. Осы өлең секілді өмірде алма кезек айналып өте береді екен ғой…

4 пікір

maulen
Rayana , сенімен келісемін! Мына өлең жолдары Мұран Шаймаран ақындікі ғой және бұл өлеңді жеткізуші жігітті де білетін сияқтымын! Әрине айтқандарынның бәрі орынды, «Парасат майданы» шығармасын оқыған болсан, өмірде барлығын қарама-қарсы қояды ғой! "Іштен шыққан жау жаман" демекші досты да жақсылап тандаған дұрыс шығар!
Rayana
Иа, бұл өлең Мұрат ағаның шығармашылыған. Ал, ол жігітті сізде танитыныңызды мен білмеген екенмін… Жоқ, досты таңдамайсыз сіз, менде таңдай алмаймын, ол еркіңнен тыс болатын секілді.Қалай ойлайсыз?
satirik92
Өмірде бәрі егіз,
Толық саны сегіз.
Қара мен ақ егіз,
Салқын жылы лебіз,
Өмір үлкен теңіз,
Болмаса егіз,
Адасар ма екенбіз?
Жамандықтан жиіркене,
Жақсылыққа келеміз,
Қараңғыдан жол таппай,
Жарыққа да жетеміз.
Тонғандарға,
Жылуды да береміз.
Қаттыны ұнатпай,
Мамық басып келеміз.
Күнәдән жиіркене,
Аллаға бас иеміз.
Жалаңаш болмай ұяла,
Білім кебін киеміз.
Қиналғандарға да,
Мейірімді үйеміз.
Жалғыздықты ұнатпай,
Ғашық бола, сүйеміз…
ТӨРЕХАН Арыстан
Rayana
))) Сатирик мырза, менің досыма ғашық екенімді қайдан біліп қойдыңыз? Ғашық бола, сүйеміз… ))))))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.