Досым менің

Таусылмайтын махаббат /
Досым –ау,
Досым менің,
Сол кезде сен де менің қасымда едің.
Оны алғаш көрген кезде, күліп бірге,
Айырылып қалғанымда жасымда едің.
Досым –ау,
Досым менің,
Қиналғанда қолымнан демеп едің,
Сыр айтқанда салмақпен ұғып бәрін,
Жаралы көңіліме көмек едің.
Досым –ау,
Досым менің,
Түзу жолда бір жүрер сырлас едің,
Жанымды жегідей ой мазаласа,
Мызғымас жұбатарым, құрдас едің.
Досым –ау,
Досым менің,
Қазір сен, қайда жүрсің алыстасың,
Ақымақ құрбың мында қиналуда,
Сырым көп айтатұғын табысқасын.
Досым –ау,
Досым менің,
Ақыл айтшы, сөзіңді тыңдар едім,
Саған сенем, арылтшы бұл қайғыдан,
Жүрегімді жұлқынған жұл да менің…

9 пікір

jalyn
Жарайсың! Әдемі. kazakh_kyzy сенің маған сезіміңді сырмен бояп жеткізетінің ұнайды
yesbolat83
Досым –ау,
Досым менің,
Қазір сен, қайда жүрсің алыстасың,
Ақымақ досың мында қиналуда,
Сырым көп айтатұғын табысқасын.
«Кешірші, мені, досым Марат. Бәріне кінәлі менмін. Қайтадан бұрынғыдай дос болайықшы»-деп өз досыма қоңырау шалып немесе смс жіберуге болады. Бірақ, тәкәппарлық (Құдай кешірсін) десем бе екен, әйтеуір бір нәрсе жібермит. Шіркін, осы сөздерімді оқыса.

Осы өлең жолдары маған қатты әсер етті. Неге екені, авторын өзімдей сезіндім.
kazakh_kyzy
Рахмет сізге! Досыңызбен міндетті түрде татуласыңыз! Дос қай жерде де керек, адал достан айырылу үлкен өкініш…
AL-ASTER
Кешіріңіз, бұны көршінің қызы жазған деп ойлап қалдым таңданыспен. Адам көзіндегісін емес, көңілдегісін көреді деген рас екен-ау. Өлең мағынасы мен сөз саптауы маған ұнады.
korwinin_kyzy
көршінің қызы жазған деп ойлап қалдым
kazakh_kyzy
Рахмет пікіріңізге!!!
maulen
Ақыл айтшы, сөзіңді тыңдар едім,
Саған сенем, арылтшы бұл қайғыдан,
Жүрегімді жұлқынған жұл да менің…

не айтарымды да білмей тұрмын, Арай, керемет. Жұлқынған жүректі жұбатар жан болса… сендейақ болсын!
kazakh_kyzy
Рахмет Мәулен!..
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.