Қайтып келмейтін себеп тап...
Сенсіз де атар таңым. Күнім батар. "Қайта орал" деп сұрамаймын. Кетсең кетші! Келмейақ қой! Кетуге ақыры себеп тапқан екенсің, қайтып келмейтін де себеп тауып ал ендеше.
Мен бәрін де жерлеп келгем. Махаббатымды да, сағынышымды да, құмарымды да… Бәрін, бәрін. Енді тірілмесі анық.
Енді несін сұрайсың? Ұқпаймын. Кезінде қызықтырмадым. Ендігі жерде сұрағаның орынсыз! Менің қандай күйде екенімді білудің мәні не? Маңызы қанша?
Өліп қалмадым. Өзіңсіз! Әлі де бармын. Ойың осы болды ма? Өзіңсіз бір күн де болмайды деп пе едің?
Өзім де солай ойлағам. Қателесіппін. Сен де қателестің. Мен бармын. Саған бұл ұнамаса да. Бармын. Бола беремін! Бары осы!
7 пікір
Шынайы соққы болып тисе, сөз ұғар жанға қиынау…