Махаббат жайлы өлең шумақтары

Таусылмайтын махаббат /
8-сынып оқушысы:
Ей, махаббат, маған деген жылу жоқ неге сенде?!
Соншалықты мен саған мұп мұздай боп көрінем бе?!
Мен оны сүйемін де, оттай лаулайм, күйемін,
Не себепті? Не үшін ол мені сүймейді мына кеңде?
Әлде, оған жауыздай боп көрінем бе?
Ол үшін табылдым ғой мектептің төрінен де,
Не жетпейді оған мені сүюі үшін?
Жүрген жолын аңдимын деп әлсіреді күшім?
Оны көрсем жүрегім аузыма кеп тығылады?
Бар ойым оның мұздай сезіміне жығылады,
Көрген сайын шыдатпайды жүрегімді қамшылатып,
Қоя берді сезімімді жүрегіме қан жылатып,
Бар болғаны мен оны іштей ғана сүйемін
Кейде өзім ойланып, бір нәрсені түйемін
Қойшы, енді, бұл өткінші ғой деймін де,
Ойлап-ойлап ғашықтардың кебін киемін!!!

55 жастағы қарт:
Құдайым-ау, осы біздер бөтен болып кеткенбіз бе,
Алыстадықпа па аңсайтын, сағынатын шектен біз де.
Іздемейміз, сұрамаймыз көңілі бөтен жандардай,
Бір-бірімізді танымас хәлге жеткенбіз бе.
Құдайым-ау, кеше ғана жүрек ортақ, тән егіз,
Ажыраспастай жүруші едік осы біздер екеуміз.
Бүгінгі күн салқын тартты күзгі таңның шығындай,
Алдан күтер ауыр күнді біз білмеген екенбіз.
Енді міне қимасақта сол күндерді бір жүрген,
Сағынсақ та талай таңды бірге атырып бір күлген.
Жүрекке жара, тәнге салмақ салса дағы бір күні,
Ажырасатын сәт келерін, айтшы жаным кім білген.
Амал қанша өмір өзен өз қалпымен ағады,
Тәтті өмір елес болып сол қалпында қалады.
Ал екеуміз қимасақ та, сол бір тәтті күндерді,
Ағыс шіркін екеумізді алыстатып барады.

Анар Шамшадинова атты ару:
Кешір,
Кінәласаң өзің біл.
Несін?!
Жылуыңды сезіндім
Енді еріксіз, шексіз
Жесір
Махаббатымнан безіндім.
Енді
Ертеңім бұлдыр
Жеңді
Құмарлық сыңғыр
Онсызда мұңым көп менің
Ерді
Соңымнан бір мұң.
Тойшыл
Көңілім екен
Ойшыл
Өмірім өтер.
Шын сүйіп шындық таппадым
Қойшы
Бәрі де бекер…

Мұсылман жігіт:
Жаным сені сағындым, көргім келеді
Жаным сені көрген соң, сүйгім келеді,
Болсаң егер қасымда,қолыннан ұстар едім
Қатты қысып жаныма, бақытты кылыр едім.

Жүрегімді берейін, сен қаласаң
Сені қатты сүйемін, Мен, байқасан
Таптым-ау дедім армандар арасынан
Жоғалтқым келмейді бақытты қолды тұрған…

Шідерлі, шерлі құлын жүрек!

Сендегі көңіл атты жайлаудағы,
Мендегі құлын жүрек байлаулы әлі.
Келер деп, бір келер деп, күтіп сені,
Амалсыз қазығында айналады.

Сен кеткен жолға ұзақ қарайлайды,
Ойлары мен қиырды аралайды.
Сенің ізің түспеген көптен бері,
Жайдақ жол жанын оның жаралайды.

Көрмеп ем мұншалықты бұрын жүдеп,
Ойнақтап отқа өзім ұрындым кеп,
Ғашықтық дерт екен ғой емі қымбат,
Шыдашы қиналсаң да құлын жүрек.

Құдай-ау, айтшы мына маңдайға,
Сүйгеніңді мәңгі күту жазылды ма?..
Тезірек кел, тезірек, десең егер,
Мерт болмасын оралып қазығына.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.