Сезімнің шырмауығы

Таусылмайтын махаббат /
Сенесіздер ме, мен оны ұмыттым. Шынымен де, қазір оны іздемеймін де, ойламаймын да. Тіпті ұялы телефонымның нөмірінде ауыстырып тастадым, ол іздемесін деп.
Сонымен өмірімнің жаңа сатысы басталғандай. Жадыраған жазда демалыста туған ауылыма бардым. Бастауышта бірге оқыған сыныптастарыммен кездестім. Бұрыңғыларды еске алып, енді арамызды үзбей араласып тұруға бел будық. Демалыста аяқталып қаланың күйбең тіршілігіне оралдым.
Күндердің күнінде ауылдағы бір партада 4 жыл бірге отырған сыныптасым звондады. Сонымен сыныптас достар ретінде күнде сөйлесетін болдық. Оқу жылы басталысымен Мәскеуге 2 айға іссапарға кеттім. Бір қуаныштысы, Қазақстанға келіп, самолеттен түсіп жатқанда бірінші звондаған адам сол сыныптасым болды. Кетерде дәл қай күні ұшып келетінімді айтқан екенмін, сол есіңде қалыпты. Содан не керек, сөйлесулеріміз үзілмеді, бір күн сөйлеспесем іздейтін болдым.
Екеумізде арамызда жай достық сезім емес екенін түсінгендей болдық. Әйтеуір бір күні батылы жетіп, сол тақырыпты қозғады. Бір кедергі оның ауылда, менің қалада тұратыным болды. Телефон сөйлескеніміз дұрыс болмас деп, екеуміз келісіп, Қарағанды қаласында кездесетін болдық. Біртүрлі сағынышпен Алматыдан Қарағандыға жол тарттым. Ол да келді. Кездесіп сөйлестік.
Міне сол күннен бастап, екеуміз қалған өмірімізді бірге қол ұстасып өтуге бел будық. Оқуым аяқталған соң, қаладағы жұмысымды тастап, ауылда сонымен бірге тұруға шешім қабылдадым.
Көп құрбыларым бұл шешімімді қолдамай, мені жазғыруда. Аллах тағаланың маңдайыма жазғаны осы шығар. Мен енді қандай жағдай болса да, сол сыныптасыма, жігітіме сеніп артып, оған жақсы жар болуға тырысамын.

2 пікір

zhano_almuhambet
Кез келгенді ұмытуға болады. Тек ұмыттыра алатын адам қажет… Қала, ауыл… Ол емес бастысы маңыздысы қасыңызда сүйіктіңіздің болуы.
artishok12
Иа дұрыс айтасыз. Ең бастысы екеуміздің бір-бірімізге деген сезіміміз ғой.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.