Естелік

Таусылмайтын махаббат /
Есімде менің, алғашқы сені көргенім,
Қағазға өрдім, сезімнің ұяң өрнегін.
Айнала толған, қыңыр да, қатал адамдар,
Ішінен ғана сен едің, берік сенгенім.

Тұманға кіріп, тұмшалап ойлар барады,
Талай жыртылды, дәптерлі хаттар парағы.
Үнсіз ұнатып, ішіне жиып сырларын.
Іздейді сені, жазықсыз қыздың жанары.

Құлақты түріп, табиғат әсем сазына,
Еріксіз бардым, алма ағаштар өскен бағына.
Қолыңмен үзіп әперетін, қызыл алмалар,
Менімен бірге мұңайды сені сағына.

Ақ қарлар түсті, көзіме ыстық көрінер,
Жаңбырлар жауды көз жасым болып төгілген.
Кундерде өтті, жылдарда кетті айналып,
Оты өшкенмен, жылуы қалды сезімнен.

Фариза Мақсұт

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.