Махаббатқа толы жүрек

Таусылмайтын махаббат /
14 ақпанда әйгілі әулие Валентин күні деп орысы бар,қазағы бар бір-біріне сыйлықтар ұсынып, сезімдерін білдіріп ғашықтар күнін тойлап келді.Жартысы әлі де тойлап келеді.Бірақ Қазақстандық жастар неге біздер Қозы Көрпеш Баян Сұлу деп атап өзіміздің қос ғашықтарымызды дәріптей отырып, мерекені өзімізше атап өтпеске деген ұсыныс жасай отырып,15-сәуір күнін ғашықтар мерекесі деп белгіледі.
Ғашықтар күніне арналып, мерекелік іс-шаралар,ғаламтор бетіндегі қазақша сайттарда бірнеше посттар мен мақалалар жарық көруде.Біз де бүгін қалыс қалмай, мерекеге қосқан үлесіміз ретінде өзіміздің қызықты материалдарымызды жариялауға кірісейік.
Сонымен сіздерге 2012жылы «массагет» сайты түсірген фотосуреттерді ұсына отырып, шағын шығарма ұсынбақпын.
"ҚазҰУ қалашығы.Көктемнің шуақты күнінде Манас достарымен жиналып,үзіліс уақытында дем алып отыр еді,

Кенеттен сабаққа асығып келе жатқан қыздың жүрісі Манастың ойын бөліп жіберді.Бейтаныс сұлудың жүзін, көзі шалып қалған манас,қыз бұрылып кеткенше ажарынан көзін тайдыра алмай үнсіз қалды.
Достарымен отырғанын ұмытып, қыздың артынан ілесе берді.
Аты жөнін сұрап алмақшы болған ниетпен, Манас қызға жақындай түсті.
Кенет қыз баспалдақтан түсе бере, сүрініп кетті.Қыздың аяқ шалысын артынан аңдып келе жатқан Манас, шап беріп қыздың қолынан ұстай қалды.Бейтаныс жігіттің қолынан ұстап алғанын жақтырмай,қыз жөніне жүріп кетті.
Жігіт өз мақсатынан тайынар емес,қыздың артынан ере түсіп шапшаң жүріп келеді.Ляззат артына кілт бұрылып:
— Сізге не керек? Неге артымнан қалмайсыз?-деп, ашулана түсті.
-Қарындас, мен, жәй… не ғой… сіз менің бір ескі танысыма қатты ұқсайсыз,-деп қызара түсті
Басында ашулы болғанымен, жас жігіттің жанары қыздың көңілін бірден аулап алып, суық жүзін жадырата түсті.
Мінеки,ҚазҰу қалашығының бір бұрышы тағы да таныстыққа куә.Алғаш таныстықтан кейін, бір-бірінің телефон номерін алмастырды.
Ия, осылай алғашқы таныстықтың арты әдемі махаббат хикаясына ұласты.
Қол ұстасқан қос ғашық, алматы көшелерін аралаудан шаршамайтын.
15-сәуір, ғашықтар мерекесін атап өтпекші болған қос ғашық, бірін-бірі көргенше асық.
Күллі табиғат сілтідей тынып, екеуінің махаббатына сүйсіне қарағандай.

1 пікір

yesbolat83
Қайрат КазГУграаад! Кімдердің махаббаты мен достығына куә болмадың сен!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.