Махаббат махаббат махаббат

Таусылмайтын махаббат /
Балғын шақтың бал татыған кезінен естелік
«Маған өмір бір сәнді ескерткіш дәптері секілді көрінеді. Әркім оны өз басынан өткен алуан сырымен толтырады. Суретші – алуан түрлі бояуымен, әнші – әсем әнімен, ал ақын – жүректен шыққан жырымен, жылы лебізімен...», депті Ә.Нұршайықов ағамыз. Менің осы жазғаным студент кезімдегі махаббатымнан, журек лүпілімнен естелік болар деймін.
О, құдіретті махаббат! Сенің жолыңда талай тағдыр бақытын тауып, талай пақыр бақытсыздыққа душар болып еді-ау! Ұнататын адамыңа деген жай сезімнен ұлы махаббат туатынын білесіз бе? Махаббаттан туған ішкі тылсым сезімін, жүрек үнін жеткізе алмай зар болған Еңлік пен, көңілін мұң шалған Кебектің күйзелісін, жан азабын сағынған білер. Аққудың ақ қанатындай сусылдап шыққан Шырынның нәзік үнін естуге құмартқан Фархаттай, ақмаралдай кербез керіліп, күндей күлімдеп көрінген Жібек қыздың күлкісіне аңсары ауған Төлегендей махаббат нұрын менде аңсаймын. Осыдан өзімнің өмірге ғашық екенімді түсінемін! Себебі бұл өмірде мен ұнататын, мен сүйетін жан бар, мені өзіне ынтызар еткен сері бар, күндіз ойыма, түнде түсіме енген ғашығым бар. Күлсем күлкім, жыласам жасыма айналған асылым бар. Ол маған өмірлік сый, менің басымдағы бақыт құсым! Ол менің өмірде қуаныш – қайғымды бөлісер серігім. Маған шаттық сыйлайтын періштем, ақылшым, қамқоршым. Әрбір арайлап атқан таңым мен қызарып батқан күнім! Ол барда менің кеудемде махаббат оты маздап тұр, сол маздаған от сөнгенше ғашық бола бергім келеді!!! Ойда жоқта ғашықтық отына түссең, оған таңданба. Ғашықтық деген, сүйгеніне қолы жетпей, сағыныш сабырсыздығынан пайда болады. Білгенің жақсы, бір жылдық сағынып көрісудің рахаты бір күндік айырылысу азабына тең! Осы естелігімнің соңын Ә.Нұршайықов атамыздың мына бір сөздерімен аяқтағым келеді: «Жастықтың, жігердің, адалдықтың, адамгершіліктің алтын туы асыл махаббат мәңгі жасасын!»

3 пікір

Madina94
ООО неткен ғажап махаббат, сезім, құштарлық, ғашықтық! Кремет! Махаббатың баянды болғай құрбым!)))
jur-95
рахмет Мадина! саганда адал, пак, баянды махаббат тилеймин! Махаббатсыз дуние бос!
Ai_fariza
Асерлi жазылган.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.