Бір өкініш… Бір үміт… Бір арман…
Көбіміз осы уақытқа дейін махаббат сезімін бастан кешірген шығармыз. Мейлі ол қандай болсын: бір жақты махаббат, жауапсыз махаббат, алып-ұшырған махаббат, қайғылы махаббат…
Өзімізден жырақ кеткен адамды уақыт өте келе ұмытқанмен ара-тұра еске түсетіні анық. Не істеп жүр екен? Қызық, ол да дәл мендей есіне ала ма екен? Ең алғашқы қыдырып барған бақ, осыны жолда көрсе мен есіне түсем бе екен? Әлде мен сүйетін құлпынай балмұздағын бал татқандай жей ма екен? Эгоистік шығар, біз үшін жауапсыз кеткен махаббат әркез өкініп жүргендей еске оралады. Мейлі ол қосағын тауып, бақытты болсын, сені мүлде ойына да алмайтын шығар, бірақ бәрібір сендей адамды ендігәрі жолықтырмайтындай болады да тұрады…
Сен де біреуге арман болып кеткен кездер болады. Ол сенің үйіңе бірнеше рет келіп, терезеңнен сенің шығуыңды аңдып тұрған, жүздеген хаттар мен сыйлықтарын сыйлап, күткен, бірақ бүйрегің бұрылмай қойған адам. Қазір ер жетіп, қарасаң тәп-тәуір жігіт болып кетіпті. Жастық кез тек соқыр махаббатқа сенгізеді ғой. Махаббаттың бал-дәурені өткен шақта, әлі күнге дейін туылған күніңді еске алып, «алғашқы махаббатым едің ғой» – деп күліп алсаң да, бір адамның өмірінде маңызды рөль атқарғаның үшін жүрегің жылып қалады екен. Алайда ол да сенің өкініп жүр деп ойламайтынына кім кепіл?
Көбіміз осы уақытта екінші жартымызды тауып немесе табуға құлшынып жүрген жандармыз. Сол адамға үлкен үміт артамыз. Осы күнге дейін өкініш пен армандардан құралған өмірдің тоқ етерін жасап, бақытты болуды қалаймыз. Өміріміздің соңына дейін мәнді-мағыналы етуге өзіміз және соның үлес қосуын тілейміз. Сөйтіп, балаларымыздың өкініш, арман, үміттерімен өмір сүреміз…
Өкініш, арман – үмітке ұлассын!

6 пікір