Кірмеші жиі түсіме..

Таусылмайтын махаббат /
Сені сағынып жүргендіктен болар…
Көзімді жәймен ғана ашып, ұялы телефонымның сағатына қарадым, таңғы бес. Қуыстай кеудеме сыймай дүрсіл қаққан жүрегім ұйқымды шәйдәй ашып жіберген. Бетімде тарамдала түскен ыстық жастың іздері…
Иә, сол түні, сол түні түсімде сені көрдім. Көңілім орнына түсті ме, әлде өзімді алдаусыратып отырмын ба?!
Тағы да сені іздеп жүр екенмін. Тағы да сендік әлем мені уайымға салуын доғара алмағандығын көрсетті. Қасыңда өзге ару, алайда менің жүзімде қуаныш, мақтаныштың оты лаулап тұрды. Оны еркелетіп, құшағыңа алған сайын мен бал-бұл жайнап, көкке ұшып бара жатырмын деймін. Сүт пісірім уақыттан соң, « Арай!!!» деп бар дауысыңмен шақырғаның есімде қалыпты. Алып ұшып жеткенімде, қанға малынған жүрегіңді қолыңа ұстап, жанарың отқа оранып, шарасыз жанның күйін кешіп отып екенсің. Өзіңмен бірге ауа райының да мазасы қашты білем, күн күркіреп, нөсерлете жауын жауып кетті. Кеудеме қысып, жұбатпақ болам. Алайда. О,құдірет!!! Мені саған жеткізбеді. Саған жақындауға тиым салғандай, кеудемнен әлде бір күш кері итере бергені. Бар күшіммен қарсылық көрсетсем де, саған барар жолдың барлығын бөгетіп тастады. Өзімнің жүрегімді саған бермек болып жұлқынамын, түк шығар емес. Бар ойым сен жүрексіз қалмасын дегенім. Солай жүрек алмаспақ болып жанталасып жатқанымда түсімнен шошып ойанып кеттім…
Жаудан қашқандай, ішкі қорқынышымды баса алмай жиырма минут отырдым. Балконға шығып, ішкі әлемімнің дүрсіліне құлақ түрдім. Апыр-ай, мына кеудедегі бұлшық ет не дейді?! Мені жарып жіберердей алқынады өзі. Кенет, жәйменн « Сен жеңіске жеттің. Сен жеңдің. Енді сен жыламайсың, сенің миссияң аяқталды» деп сүйінші сұрағандай дүрсілі басылып, тынышталды.
Иә, расында менің миссиям аяқталған екен. Бірақ жеңіске жеткен түгім жоқ. Ол атқан оқтан жараланған мына мен, жараның орнына қараған сайын жүрегім сыздап қоя береді….

1 пікір

ai85
Иә, түстерде өмірге қатысы бар екені рас қой. Сағыныш, белгілі адамды қимау, еске алу нәтижесінде түске енетіні болу керек. Бірнеше жыл бұрын менің түсімде жақын адамымды жылан шаққалы жатқанда, тілім байланып қалған болатын. Бірақ түсті аяқтамай өзімді еріксіз ояттым. Достар қандай қорқынышты, ойға салатын түстер көрсекте, «Жақсы сөз-жарым ырыс»-дегендей қандай түс болмасын жақсыға жориық!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.