Бөлмемнің есігі!

Таусылмайтын махаббат /
Ұрланып суреттерге қарап отырған шақтарымда, жанардағы жастарға ерік беріп құлазыған кештерде ана, бөлмемнің есігін ашпашы,қайтесің көріп қиналған мендік жанарды?қайтейін мына өмірде сүюді жазып,қосуды әлі көп көрсе?қызға салып нәзіктікпен өкпелеп, жанарымда жас үзігі дайын тұр… мен жапқан бөлмемнің есігін сол келіп ашса деп дұға етем! Анашым, сәл шыдашы, аз қалды білем! анашым, маған мұң сыйлады деп жақтырмайсың оны да сезем! анашым, ол жақсы жан! текке жазғырмашы, сәл ғана мұңымды шертіп алайын бөлмемнің есігін ашпашы… сәл ғана, содан соң мұңымды жасырып күлкі астына, бөлмемнен шығамын, сәл шыдашы, тек бөлмемнің есігін ашпашы!

1 пікір

Ai_fariza
Сыр ақтару өте қиын өзіңе,
Білем сезем, көрген едік кезінде.
Күте білу ең азапты шақтар ғой,
Шынайылық сезіледі сезімде
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.