"Ай-ға" 2

Таусылмайтын махаббат /
Бір керемет ақын болмасам да ебін тауып өлен шығаратын әдет шығарыппын. Соның бәрін осы сайтқа жариялаймын. (егер қарсы болмасаңыздар) Ай-ға деп бастап шығарған өленім бар еді, бұның алдында жазғаным, мынау соның жалғасы ретінде шықты. Бұл «Ай-ға» өлені ойдан емес, өз өмірімнен алынып отыр.

Үңілемін жүрегімнің түбіне,
Жоқ секілді артық орын өзгеге.
Қанша жерден тас ғып көзді жұмсам да,
Өзің болдың көрінетін көзіме…

Бір көргеннен ұяладың жүректе,
Тас мүсіндей тұра қалдым сол сәтте.
Қара қасың, қою шашың, жұмсақ даусын,
Ғашық етті мендей жанды өзіңе.

Алғаш сездім махаббатты сол кезде,
Құмар болдым «сәлем» деген сөзіне.
Ұнатар деп сәл де болса мені де,
Көрінуші ем күнде-күнде көзіңе.

Махаббатты тулап жатқан жүректе,
Айтқандаймын сезімімді құр текке.
Махаббатым жауапсыз боп қалғаны ма?..
Үміттеніп қалған екем әлекке.

Жалғызсырап отырамын ойланып,
Қалғандаймын бір өзіңе байланып.
Талпынсам да ұмытуға өзіңді,
Келе бердің елес болып айналып...

32 пікір

AKA
Керемет, жазыңыз, жаза түсіңіз!
dimash
рахмет. Бұрын өлен жазатын әдетім жоқ еді, ғашықтық сезім адамды мұнша өзгертеді деп ойламаппын…
AKA
Мамадес! Мықты жігіт екенсіз!
Korkem
ым-жымдарың бір боп жүр, сізге арналған ба? екеуіңіз де бір жерден ексіздер. Қолғабыс қайда жоқ боп кеттіңииии?
dimash
Жақын күндері бұл өлендеріме жауап та шығып қалады ау))) ептеп ол да (Айзат) өлен шығарыпты-мыс
Korkem
ооо онда тіпті ғажап болар еді!АКА, сізді Димаш «лақтырып» кетті ғооо)))
dimash
лақтырғаны нес)))
АКА-ға арналады:

Тебірентер алпыс екі тамырды,
Өзіңіз ғой «айтабердің» аруы.
Паналатқан бар жақсылық бойына,
Жігіттердің жүрегінің қалауы! )))
AKA
Бәрекелді, азамат екенсіз! Ризамын :)))
Korkem
қатты қатты менен +1
Korkem
тамашасың! Жүрегіңнің түбіне қалай ғана жасырып жүрсің ә? Жаз тағы да жаза түс, шабыттана түс!
dimash
иә уйімнің алды респектке толып жатыр))) рахмет))
konvict
Муза шешей у сұрап жатыр
Jako
Тамаша, байғүс бала ғашықтық дертіне шалдыққан екенсіңде,қыздарға кекірейе қарайтын Димашқа ұқсамай қалыпсың.
dimash
ғашықтық дерті жақсы екен бірақ, бұл дерттен емделгім келмейді)) Қайта өзгеріп келе жатармын осы инфекцияның (махаббат) арқасында)))
calendula
Сол Айзатың осында жауабын жазса жақсы болар еді! Жұрттың бәрі ақын болып кеткен ба деген ойға келдім ғой)
dimash
жазады ғой, ең қызығы қалай жазатыны болып тұр… Оның не жазатың тіпті өзім де білмеймін)
calendula
жазатың
Хмм, бізге де қызық болып тұр!
dimash
Айтпақшы 173-те оқитын Мөлдір деген подрушканның класстасы болып шықты осы өленнің тууына себепші болған қыз. «Мир тесен иа?
calendula
Біз таныс па едік өзі?))))))))))))
dimash
...))кешірерсің, біреумен шатыстырып алыппын...)) ондай ондай болып тұрад)))
calendula
Бәссее, мен басқааааамыын!!!
mairosh
ЖАРАЙСЫН ДИМАШ МЕН СЕНІҢ ТАБЫНУШЫНМЫН ))))) "қол шапалақ кетет соңында"
Moldir_96
Не деген бақытты қыз ол а?! «Ай...» деген)) Жарайсыз, Димаш! +5/5
Togzhan
5/5 па, сонда Димаштың өлеңі 1 балмен бағаланған болды-ау =)
dimash
ай)))))) 1 балда баға ғо)
Togzhan
ең төменгі, енді ойлай бер)
dimash
сол ғо((( енді не дейін… Мольдің өзі бірдене деп жібермесе)
Moldir_96
Жазғаныңыз керемет! Өзімнің берген бағам сол...Әттең "+1" ғана((
dimash
ай ұялта бермен)


Moldir_96
Ой, «Рахметіңіз» қандай әдемі-і-і)) Сізге Р-А-Х-М-Е-Т!!!
dimash
Кім болсаң да әңгіме жоқ қудың men_goi
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.